AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бельгияны Еуропадағы...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті

Ресми бөлім Бүгін 15:22 33
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Бельгияны Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

– Келесі жылы мемлекеттеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Сапарыңыз осы айтулы меженің дайындығына тың серпін береді және ынтымақтастығымызды нақты нәтижелермен толықтыра түседі. Бельгия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар еліңіз Қазақстан экономикасына қаржы құйған ең ірі он инвестордың бірі саналады. Мұны Қазақстан экономикасының келешегіне деген сенімнің айқын көрінісі деп бағалаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бельгия арасында көлік-логистика, аса маңызды минералдар, жаңартылатын қуат көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салалары бойынша өзара ықпалдастықты кеңейтуге мол мүмкіндік бар екеніне назар аударды.

– Сізбен бірге келген мемлекеттік органдардың, өңірлік билік пен іскер топтардың өкілдеріне, танымал ғалымдар мен журналистерге ілтипат білдіремін. Ертең Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысын өткіземіз. Бұл бастаманың мүмкіндіктерімізді іске асырып, орнықты нәтижеге қол жеткізетін тиімді алаңға айналғаны қуантады. Сондай-ақ Бельгиямен Еуропалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастығымызды жоғары бағалаймыз. Жаһанда тұрақсыздық белең алған кезеңде сенім, құрмет пен өзара түсіністік қағидаттарын арқау еткен іскерлік байланыстардың маңызы арта түседі. Қарым-қатынасымыздың зор әлеуетіне сенемін. Сапар аясындағы уағдаластықтарды толық іске асыруға барынша күш саламын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#серіктес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Бүгін 17:15

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипптің бірлескен мәлімдемесі

Бүгін 17:15

Алматыдағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайта өңделетін қалдық жиналды

Бүгін 16:37

Жеті жылға дайджест. Қазақстан экономикасы қалай өзгерді?

Бүгін 16:14

Алматыда Студенттер лигасының жаңа маусымы басталды: 43 жоғары оқу орны, 128 команда және 1500-ден астам қатысушы

Бүгін 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);