AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express Co., Ltd компанияс...

Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Саясат 17.10.2023, 08:26 1,280 Almaty-akshamy.kz. 
Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев YTO Express Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Йу Хуэй Дзяоны қабылдады


Кездесу барысында электронды коммерция, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Alibaba, Wildberries, OZON және JDcom секілді ірі маркетплейстер жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қазақстан 2030 жылға қарай электронды сауда үлесін жалпы сауда-саттық нарығының 20 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Әңгімелесу барысында Президентке Қытайдың тез жеткізуге маманданған ең ірі логистикалық операторларының бірі біздің нарыққа келіп, Орталық Азиядағы бас кеңсесін Қазақстанда ашуды көздеп отырғаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл уағдаластық «Қазпошта» акционерлік қоғамы мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою аясында бекітіледі.




– Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Сіздің компанияңызбен өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін зор мүмкіндігіміз бар. Бүгінде электронды коммерция – экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 7 триллион доллар қаржысы осы саладан құралады. Қазақстан электронды коммерцияны дамытуға айрықша мән береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  



Йу Хуэй Дзяо Мемлекет басшысына компанияның Қазақстандағы негізгі жобасы туралы баяндады. Атап айтқанда, кәсіпорын еліміздің бірқатар өңірінде «А» санатына жататын жоғарытехнологиялық мультимодальды орталықтар салуды жоспарлап отыр. Мұндай инфрақұрылым тауарды жедел өңдеп, оны Еуропа Одағы, Еуразиялық экономикалық одақ және Орталық Азия елдеріне шығаруға оңтайлы жағдай жасайды. Ал интеллектуалды IT-шешімдерді енгізу  логистика процесін толықтай автоматтандыруға мүмкіндік беріп, электронды коммерция тауарларының кеденнен жылдам өтуін қамтамасыз етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сауда #Ынтымақтастық #Қытай #көлік саудасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика