конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев трансұлттық компанияның басшыл...

Қасым-Жомарт Тоқаев трансұлттық компанияның басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді

Саясат 08.06.2022, 11:41 1,398
Қасым-Жомарт Тоқаев трансұлттық компанияның басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді
Сурет: Akorda.kz

Кездесулер шетелдік инвесторлар кеңесінің XXXIV отырысының қарсаңында өтті.


Мемлекет басшысы Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен, Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен, сондай-ақ Қазақстанның Канададағы құрметті консулдары – канадалық Cameco уран компаниясының президенті Тимоти Гитцельмен және Condor Petroleum компаниясының президенті Дон Стрюмен жеке-жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Джеймс Джонсонмен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа корпорацияның елімізде атқарып жатқан жұмыстарының қазіргі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын тезірек аяқтау мәселесі сөз болды. Сонымен қатар Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын арттыру мәселесі, Қазақстанда отандық өнімдерді қолдауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Chevron корпорациясының тікелей инвестиция салатын қорының қызметі талқыланды.


Нил Чапман Мемлекет басшысына Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы, Теңіз кен орнынан экспортталатын газ көлемін ішкі нарыққа қайта тасымалдау және балама бағыттар арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндіктері жөнінде айтты.


Тимоти Гитцельмен және Дон Стрюмен әңгімелесу кезінде Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды.


Атап айтқанда, Cameco компаниясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі уран компаниясының жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде мәлімет берді. Condor Petroleum компаниясының президенті сұйытылған табиғи газ өндіретін модульді зауыттар салу жоспары жөнінде мәлімет берді.


Сонымен қатар «Қазақстан – Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына назар аударылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #кездесу #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлаудың соңғы сағаты: алматылықтар сайлау учаскелеріне келіп жатыр

Бүгін 19:42

Алматылық әжелер сайлау учаскелерінде ән шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Бүгін 19:09

Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 72,15 пайызды құрады

Бүгін 19:00

Сайлаудың аяқталуына бір жарым сағаттан аз уақыт қалды!

Бүгін 18:51

Алматыда өткен «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» турнирінде қазақстандық теннисшілер жүлдеге ілікті

Бүгін 18:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);