AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоны қабылдады

Саясат 04.07.2023, 11:40 1,328
Қасым-Жомарт Тоқаев  Тошиаки Эндоны қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі  ерекше екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы екі ел арасындағы сенімді қарым-қатынастың айрықша деңгейде екенін атап өтті. Сондай-ақ Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының өзара байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.


Қазақ-жапон қатынастары саласында экономикалық бағыт маңызды рөл атқарады. Президент сауда және инвестициялық іс-әрекеттердің мол мүмкіндігіне назар аударып, еліміздің экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді.


Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония Премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады.


Парламенттік достық лигасының төрағасы Жапония Парламентінің барлық сала бойынша Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге дайын екенін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ақорда #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);