Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагерін елімізге сапармен келуге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагерін елімізге сапармен келуге шақырды Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті.


Мемлекет басшысы мен Тақ мұрагері сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше мән бере отырып, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң перспективаларын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Тараптар екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды күшейту маңызды деп санайды.


Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржылық қызмет көрсету және туризм сияқты салалардың әлеуеті зор екеніне назар аударды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед бен Салман Әл Саудты елімізге сапармен келуге шақырды. Тақ мұрагері шақыруды ілтипатпен қабыл алды.


Көшбасшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:58

17:48

17:41

17:30

17:14

17:04

16:44

16:31

16:07

15:49

15:38

15:27

15:10

14:57

14:40

14:16

14:04

12:27

12:12

11:50

11:33

11:25

11:15

10:57

10:42