AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Салық реформасы дұрыс бағытта...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Салық реформасы дұрыс бағытта, бірақ кейбір шаралар жетілдірілуі керек

Әлеумет 14.03.2025, 16:04 713 Nursok82
Қасым-Жомарт Тоқаев: Салық реформасы дұрыс бағытта, бірақ кейбір шаралар жетілдірілуі керек
Ақорда

Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасы мен әлеуметтік саланы қаржыландыру мәселелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынды. Бұл шаралар, жалпы алғанда, дұрыс. Онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілген», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне қоғамда түсіністік барын атап өтті.

«Кәсіби мамандар да, жалпы жұртшылық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен ұсынылған шараларға, соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлер де естіліп қалады. Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген», – деп түсіндірді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екенін және бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде екенін атап өтті.

«Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз», – деді ол.

Алайда, Президент шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек екенін атап өтті.

«Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық», – деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Үкіметке осы жылдың соңына дейін әлеуметтік саланы қаржыландыруды оңтайландыру жолдарын нақты анықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салық #заңды жетілдіру #Бурабай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Кеше 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Кеше 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Кеше 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Кеше 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);