конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев православие шіркеуінің өкілдер...

Қасым-Жомарт Тоқаев православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті

Саясат 14.09.2022, 08:07 1,733
Қасым-Жомарт Тоқаев православие шіркеуінің өкілдерімен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Президент Қазақстанда дәстүрлі діндердің, соның ішінде православиенің дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар департаментінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антонийді, Қазан және Татарстан митрополиті Кириллді, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Кездесу барысында Мемлекет басшысы митрополит Антонийді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, православие діні Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, православие шіркеуі қоғамда жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтарды өсіруге және насихаттауға зор үлес қосып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда дәстүрлі діндердің, соның ішінде православиенің дамуына барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге съездің негізгі мақсатын ілгерілетуге жасаған көмегі үшін ерекше алғысын жолдап, оған зор денсаулық пен рухани күш-қуат тіледі.


Өз кезегінде православие шіркеуінің өкілдері Патриарх Кирилдің Мемлекет басшысына ізгі тілектерін жеткізді, сондай-ақ оның Қазақстан бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.


 https://almaty-akshamy.kz/uploads/images/2022/09/image_750x_63218badceabb.jpg

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Ақорда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлаудың соңғы сағаты: алматылықтар сайлау учаскелеріне келіп жатыр

Бүгін 19:42

Алматылық әжелер сайлау учаскелерінде ән шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Бүгін 19:09

Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 72,15 пайызды құрады

Бүгін 19:00

Сайлаудың аяқталуына бір жарым сағаттан аз уақыт қалды!

Бүгін 18:51

Алматыда өткен «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» турнирінде қазақстандық теннисшілер жүлдеге ілікті

Бүгін 18:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);