AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның ірі компания...

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді

Билік 17.08.2021, 15:56 1,902
Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяның ірі компаниялары басшыларымен кездесулер өткізді
akorda.kz
Мемлекет басшысы Оңтүстік Кореяның іскер топ өкілдерімен өткен дөңгелек үстелден кейін осы елдің ірі компанияларының басшыларымен – «Samsung Electronics» компаниясының президенті Ин Ёнг Ли және «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен екіжақты кездесулер өткізді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  akorda.kz сілтеме жасап.



Қазақстан Президенті Ин Ёнг Лимен кездесуде «Samsung Electronics» компаниясының цифрлық инновациялар саласында әлемдегі жетекші орында екенін атап өтіп, цифрландыру, инновация мен ғылым арқылы технологиялық даму туралы мәселелерге тоқталды.


Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары «ақылды қалалар» жүйесін енгізу екенін айтып, Қазақстан көлік қатынастарын басқару, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, деректерді қашықтан жіберу технологияларын енгізуге мүдделі деді.



Бұдан кейін Мемлекет басшысы «Doosan Heavy Industries & Construction» президенті Ёнг Инг Чонгпен кездесіп, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.




– Атырау облысында қуаты 310 МВт газтурбиналық электр стансасының құрылысын сәтті жүзеге асқан жоба ретінде атап өткім келеді. Оңтүстік Кореяның жасыл энергетиканы дамытудағы әлемдік көшбасшылардың бірі болуға ұмтылатын, сутегі өндірісінің айтарлықтай үлесі бар жоспары туралы жақсы білеміз. Қазіргі уақытта Кореяның 3 қаласын сутегі энергиясына көшіру жоспарына дайындалып жатырсыздар. Бүгінде Қазақстанда да баламалы энергия көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Біз 2030 жылға қарай баламалы энергияның 30 пайызына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз, оның 15 пайызы жаңартылатын энергия көздері болмақ.




Осы мақсатта жуық арада 3-4 гигаватт электр энергиясына жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сондықтан сіздердің ұсыныстарыңыз біз үшін өте пайдалы болады, – деді Қазақстан Президенті.


Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның энергетикалық жобалардағы көп жылдық тәжірибесі мен біліктілігін ескере отырып, оларды қазақстандық жылу-энергия орталықтарын жаңғырту және «Қарабатан» кешенін кеңейту бойынша ынтымақтастыққа шақырды.



Өз кезегінде, корейлік компания өкілі баламалы энергия көздері бойынша ортақ жобаларда жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #корея #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі

Кеше 18:11

Алматының әкімі қаланың көше-жол желісін кеңейту жобаларымен танысты

Кеше 18:08

Бүгін Алматының бір метро станциясы жабылады

Кеше 16:30

«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді.

Кеше 16:20

Азиада-2026: Қазақстанның спортшыларына қанша сыйақы беріледі?

Кеше 15:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);