AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев Армен Саркисянмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Армен Саркисянмен кездесті

Билік 03.06.2021, 14:49 1,830
Қасым-Жомарт Тоқаев Армен Саркисянмен кездесті
Сурет: Akorda.kz

Екі мемлекет басшылары Нұр-Сұлтан мен Ереван арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор деген пікірімен келісті.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-aksham.kz Akorda.kz сайтына сілтеме жасап. 


Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Армен Саркисян саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-армян ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Президенттер Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықтың перспективаларын қарастырып, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.


Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан Армения Президентінің осы сапарының маңызды екенін атап өтті.



«Армения – бізге достас мемлекет. Елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастар ежелден келе жатқан дәстүрлерге негізделеді. Әрине, біз ықпалдастығымыздың бір жерде тұрып қалмай, жаңа мазмұнмен толыға отырып дамуына мүдделіміз. Сондықтан елдеріміздің үкіметтері мен нақты салалық ведомстволары осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 



Қазақстан Президенті түрлі салалар бойынша қарым-қатынастарды нығайту үшін мол мүмкіндіктер бар екенін атап өтіп, Арменияның үкіметтік делегациясының жуырда Қазақстанға жасаған сапарының қорытындыларын оң бағалады.


Сонымен қатар Мемлекет басшысы ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы екіжақты ықпалдастықтың жақсы қарқынмен жалғаса беретініне сенім білдірді. 


Армен Саркисян өз кезегінде Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.



«Мен үшін Қазақстанға келу – белгілі бір мағынада өз үйіме, достарыма келгенмен бірдей. Өзіңіз айтқандай, біздің халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастар өте жақсы және оның тарихи тамыры тереңде», – деді Армения Президенті.



Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нұр-Сұлтан мен Ереван арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор деген пікірімен келісті. Осы ретте ол сауда, білім беру, жаңа технологиялар, тамақ өнімдерін қайта өңдеу салалары бойынша жасалып жатқан қолайлы шарттарға назар аударып, аталған ынтымақтастықтың мазмұнын байытып, кеңейте беруге ниетті екенін жеткізді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Армения
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);