Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімнің бәрін ауыстыру - мені...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімнің бәрін ауыстыру - менің негізгі мақсатым емес

Әлеумет 17.02.2022, 15:12 1,246
Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімнің бәрін ауыстыру - менің негізгі мақсатым емес
inform.kz

Әкімнің бәрін ауыстыру - менің негізгі мақсатым емес. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Сұхбат барысында тілші болып жатқан кадрлық өзгерістер жайында сұрады. «Бірақ әкімдердің басым көпшілігі әлі орнында отыр. Олардың жағдайы қалай болмақ? Алдағы уақытта облыс әкімдері сайлана ма?» деп сұрақ қойды тілшісі.


Осы орайда Президент тиісті өзгерістер болатынын атап өтті.



«Жалпы айтқанда, кадрлық ауыс-түйіс – үздіксіз жалғаса беретін үдеріс. Лауазым мәңгілік дүние емес. Жұмыстың жаңа талабына икемделе алмаған адамдар қызметтен кетуге мәжбүр болады. Олардың орнын жаңа кадрлар басады. Әкімнің бәрін ауыстыру - менің негізгі мақсатым емес. Әкімдердің жұмысына жан-жақты талдау жасалады. Негізгі талап – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан қажеттілік болса, тиісті кадрлық шешімдерді қабылдаймын. Міндетті түрде өзгерістер болады», - деді Мемлекет басшысы.


«Мен 2020 жылы халыққа Жолдауымда алғаш рет ауыл әкімдерін сайлау туралы айттым. Көп ұзамай ауыл әкімдерін сайладық. Былтырғы Жолдауымда «Келесі қадам – аудан әкімдерінің сайлауы» деп айттым. Оны 2024 жылы өткіземіз. Бәлкім, пилоттық жоба ретінде келесі жылдан бастасақ, орынды болар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #әкімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50

Қазақстанның 5 өңіріне су тасқыны қаупі төнді

Бүгін 17:43

Депутат Нартай Сәрсенғалиев жаңа Конституция жобасына қатысты үндеу жасады

Бүгін 17:37

Астанада жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері сараптамалық платформада талқыланды

Бүгін 17:32

Қазақстандықтар шетелде басқа учаскелерде дауыс бере алады

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика