конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы күштердің жас сарбаздары әскери ант берді

Қарулы күштердің жас сарбаздары әскери ант берді

Әлеумет 12.06.2022, 12:06 1,617
Қарулы күштердің жас сарбаздары әскери ант берді
Сурет: Inform.kz

Әскери теңіз күштерінің, «Шығыс» және «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының 1 300-ден астам әскери қызметшісі салтанатты түрде Отан алдында адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Салтанатты шара жас жауынгерлердің туған-туыстарының, қоғам өкілдерінің, Қарулы күштер ардагерлерінің қатысуымен өтті. Жас жауынгерлерді осы атаулы күнмен құттықтау кезінде, әскери қызмет – бұл әрбір жауынгерге жүктелген құрметті міндет және зор жауапкершілік екені айтылды.



«Әскердегі бір айдың ішінде көп нәрсені ойыма түйдім. Отанды қорғау – ол нағыз ер жігіттің міндеті екенін түсіндім. Мен осы уақыт ішінде дене даярлығымды шыңдап, өз ісіме жауап беріп, мықты бола білдім. «Ант» сөзін мен шын жүректен, ұғынып айттым және әскери міндетімді бар жан-тәніммен орындаймын. Теңізге шығуды асыға күтемін, ол жердегі қызметім қызықты өтетініне сенімдімін», – деді Нұр-Сұлтан қаласынан Әскери-теңіз күштеріне шақырылған матрос Абылайхан Әділ.



Ант қабылдаған соң әскери қызметшілер жас жауынгер курсында үйренген қаруды қолдану, саптық дайындық және жекпе-жек тәсілдерін көрсетті. Салтанатты рәсімдерден кейін іс-шараның қонақтары мен сарбаздардың ата-аналарына жас жауынгерлердің оқу сыныптары, казармалары, асхана мен спорт залдары көрсетіліп, әскери бөлімдерге экскурсия ұйымдастырылды.


Бөлім командирлері сарбаздардың ата-аналарымен әңгімелесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #жауынгер #антику беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);