конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қарулы Күштерде жазғы оқу кезеңіне дайындық бастал...

Қарулы Күштерде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды

Өмір-өзен 22.04.2022, 07:55 1,395
Қарулы Күштерде жазғы оқу кезеңіне дайындық басталды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Дайындық кезеңі оқу-материалдық базаны жаңарту, инфрақұрылымға қызмет көрсету және полигондарды жарылыс қаупі бар заттардан тазарту шараларын қамтиды.


Қазіргі уақытта Қарулы Күштерде ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмалары іске асырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мамыр айының соңына дейін созылатын дайындық кезеңінде қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау, оқу-материалдық базаға қызмет көрсету және оны дамыту шаралар кешені өткізілетін болады.


Арнайы құрылған комиссиялар жазғы оқу кезеңіне дайындықты бақылауды жүзеге асыратын болады.


Жауынгерлік даярлық процесінде Қарулы Күштердегі әскери қызметшілердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау шараларын зерделеу бойынша теориялық және практикалық сабақтарын өткізу жоспарланған. Осы уақытта қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлық іс-шаралары барысында алынған тәжірибені ескере отырып, жаңа оқу жылына басқару органдарын, құрамалар мен әскери бөлімдерді даярлау шараларын жоспарлауға ерекше назар аударылатын болады.


Дайындық кезеңі аяқталған соң Қазақстан Қарулы күштері құрамалары мен әскери бөлімдерінің әзірлігі қаралады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дайындық #оқу #Армия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);