Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы Күштер Абай облысындағы өртті сөндіруге жұм...

Қарулы Күштер Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды

Әлеумет 24.05.2023, 15:29 987
Қарулы Күштер Абай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды
Сурет: Министрлік

29 бірлік әскери автокөлік және инженерлік техника тартылды


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ресейдің Алтай өлкесінде қураған шөптің тұтануынан басталған өрт Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерватына тараған. Өрттің жалпы ауданы 1500 га құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша өртке қарсы шараларды орындауға арнайы дайындығы бар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының келісімшарт бойынша жүзден аса офицері мен әскери қызметшісі жұмылды.


Сонымен қоса 29 бірлік әскери автокөлік және инженерлік техника (әмбебап жол машиналары және басқа да өрт сөндіретін құралдар) тартылды.


Ауданды барлау, сондай-ақ өртті тікелей сөндіру арнайы аспамен 3,5 тонна су таситын «Бэмби» құрылғысымен жабдықталған Ми-17 көліктік-жауынгерлік тікұшағы арқылы жүзеге асырылуда.


Жеке құрам орман өртінің екі ошағын сөндірумен айналысуда.


Біріншісінде, оқшауланған учаскеде жұмыс жүргізілуде, екіншісінде, қашықтағы жерде қорғаныс желісі құрылуда.


Әскери қызметшілер арнайы техникамен ағаштарды құлатып, үйінділер салу үстінде.


Өрт сөндіру жұмыстары «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының тылдық қамтамасыз ету басқармасы штабының бастығы, полковник Ержан Есенбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатыр.


Қарулы Күштердің бөлімшелері жедел штабпен ұдайы байланыста.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#орман #өрт #Қарулы күштер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 14:36

Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдіктінің ұсталған сәті жарияланды

Бүгін 14:31

Алматыда «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» атты сарапшылар форумы өтті

Бүгін 14:07

Сахна тынысын сезінген жан

Бүгін 14:01

ҚазҰУ жаңа конституцияның жобасын азаматтарға түсіндіріп жатыр: Алматыда құқық реформасындағы университеттердің рөлі туралы айтылды

Бүгін 12:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі