AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарттар айлығы: Алматылық зейнеткерлерге қандай кө...

Қарттар айлығы: Алматылық зейнеткерлерге қандай көмек көрсетіліп келеді?

Әлеумет 29.09.2023, 06:37 1,401
Қарттар айлығы: Алматылық зейнеткерлерге қандай көмек көрсетіліп келеді?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қарттар күні қарсаңында мегаполисте бірқатар іс-шаралар жоспарланған, олар бір ай көлемінде өтеді. Егде жастағы алматылықтарға қандай қолдау көрсетілетіні жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов баяндап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 


Алматының Ардагерлер кеңесі әлеуметтік қолдау жасап, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қарт адамдарға көмек көрсетеді. Айта кету керек,  ардагерлер ұйымы қаланың қоғамдық бірлестіктерінің ішінде адам  саны жөнінен көп боп саналатындардың бірі - оның құрамында 253 мыңнан астам адам бар.                                                                                    



«90-шы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бүкіл әлемде қарттар күнін өткізу туралы қарар қабылдады.  Біздің қалада мәслихат  қазан айы бойы қарт адамдар айлығын өткізу шешімі қабылдады. Бұл шешімді қоғам өкілдері де болып отыр.  Әдетте, осы уақытта, яғни қазан айының басында қалалық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшелері қала басшылығымен кездеседі, онда олар біздің қаламыздың ардагерлер ұйымдары мен ардагерлер қоғамының өміріндегі көптеген проблемалық мәселелер бойынша кеңеседі», - деп бөлісті А. Бижанов.



Ардагерлер ұйымының басшысы атап өткендей, қарт адамдарға арналған айлық барынша кең ауқымды болмақ - қалада тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Әр ауданда көпшіліктің қатысуымен мәдени-демалыс іс-шаралары ұйымдастырылады. Әсіресе ардагерлер үшін түрлі сыйлықтар жасалып, қайырымдылық түскі астар ұйымдастырылады. Бұл күндері қарт адамдар мұражайларға, театрларға, экскурсияларға және т. б. бара алады.


Сонымен қатар, медициналық мекемелерде ашық есік күндері өткізіледі, қарт алматылықтар терапевт, геронтолог, невропатолог, хирург және басқа да  мамандардың қабылдауынан өте алады. Өздігінен бара алмайтын қарттарға медициналық қызметкерлердің кешенді бригадалары үйлеріне барады.



«Әрине, бұл бір күндік, бір айлық қана жұмыс емес деп айтар едім, бұл жұмыс мақсатты түрде, әкімдіктің басшылығымен жыл бойы жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс қала және аудан әкімдіктерімен бірлесіп атқарған қаланың ардагерлер ұйымдарының негізгі жұмысы болып табылады», - деп атап өтті Ардагерлер кеңесінің төрағасы.



Сондай-ақ, ол қала ардагерлері мен зейнеткерлеріне практикалық көмек көрсетілетінін атап өтті. Қаржылық қолдаудың әртүрлі түрлерін (13 түрі) көрсетуге тек қала бюджетінен қаражат бөлінеді. Ыстық және суық су есептегіштерін орнату және ауыстыру, газ жабдықтарын жүргізу және орнату шығындары өтеледі. Сонымен қатар, санаторийлердегі жолдамалардың құны және тағы басқалар өтеледі. Өткен жылы ғана 1 млрд теңгеден астам сомаға 14 мыңға жуық зейнеткерге біржолғы көмек көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қарттар #Бижанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);