AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде а...

Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде ауа райы қандай?

Алматы 13.03.2026, 09:09 317 Дина
Қарлы боран, көктайғақ: жұма күні ел өңірлерінде ауа райы қандай?

13 наурызда солтүстік-батыс циклондары мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстік-батысы, солтүстігі және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Бұл өңірлерде түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ал елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика аумағында жел күшейіп, кей жерлерде боран, көктайғақ және тұман болуы мүмкін.

Астана қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады. Түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас әлсіз жауын-шашын болжанады. Жаяу борасын, көктайғақ, таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз -1…+1°C болады.

Алматыда жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Кей уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.

Шымкентте күн ашық болады, жауын-шашын түспейді. Кейде тұман байқалады. Түнде -7…-9°C, күндіз +6…+8°C.

Ақтауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +10…+12°C.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман түседі. Түнде 0…-2°C, күндіз +1…+3°C.

Атырауда күн ашық, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты. Түнде -7…-9°C, күндіз +1…+3°C.

Қарағандыда бұлтты ауа райы болады. Түнде және таңертең аздаған қар жауып, жаяу борасын соғады. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз -3…-5°C.

Көкшетауда түнде аздаған қар жауып, жаяу борасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз -1…+1°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты. Түнде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…-2°C.

Қостанайда жауын-шашын болмайды, тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Түнде -3…-5°C, күндіз +6…+8°C.

Павлодарда бұлтты ауа райы сақталады. Түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу борасын болады. Түнде -4…-6°C, күндіз -1…+1°C.

Петропавлда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, боран мен көктайғақ күтіледі. Күндіз де аздаған жауын-шашын сақталады. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз -3…-5°C.

Семейде түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз 0…-2°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде -17…-19°C, күндіз 0…+2°C.

Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз +3…+5°C.

Түркістанда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман күтіледі. Түнде -6…-8°C, күндіз +6…+8°C.

Оралда жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз +3…+5°C.

Өскеменде таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -1…-3°C.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кей қазақстандықтар құмар ойынға қатыса алмайтын болды

Бүгін 12:04

Тоқаев Король Виллем-Александрды Нидерландтың ұлттық мерекесімен құттықтады

Бүгін 11:52

Алматыда биыл тұрғын үйлерге 300-дей тексеріс жүргізеді

Бүгін 11:36

Халықаралық заманауи өнер көрмесі өтті

Бүгін 11:02

Бас Прокурор Қазақстандағы Америкалық сауда палатасы өкілдерін және ірі инвестор компанияларды қабылдады

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика