Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінің қорытынды...

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінің қорытындылары туралы Президентке есеп берілді

Саясат 08.04.2025, 15:16 691
Қаржылық мониторинг агенттігі қызметінің қорытындылары туралы Президентке есеп берілді
Сурет: Akorda.kz

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Мемлекет басшысына 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғаны жөнінде баяндалды. Зардап шеккен азаматтарға 20 миллиард теңгеге жуық өтемақы қайтарылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.

Президентке ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолы кесілгені туралы баяндалды. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылғаны жайында айтылды. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Жанат Элиманов азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау, қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды. 24 қаржы пирамидасы жойылды. Алдын алу мақсатында алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталып, 22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жастарды қылмыстық схемаларға тартудың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, 2,8 мың оқу орнындағы 567 мың оқушыға қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген. Мұндай жұмыстар 100 жоғары оқу орнында жүргізіліп, 100 мыңнан астам студентті қамтыған.

Бұдан бөлек, Жанат Элиманов Парламент Мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлады. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.

Мемлекет басшысы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #президент #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика