Қарапайым еңбек адамдарына баспана алу жеңілдеді

Қарапайым еңбек адамдарына баспана алу жеңілдеді aqshamnews.kz

Қазақстанда тұрғын үй мәселесі әрдайым күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, қолжетімді баспананың тапшылығы мен ипотекалық бағдарламалардың тиімділігі халық үшін маңызды факторлардың бірі болып қала бермек. Осы орайда, өткен жылы бастау алған «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы көптеген қазақстандықтарға баспаналы болуға мүмкіндік берді. Биыл бұл жоба жалғасын тауып, оған қосымша «Наурыз жұмыскер» деп аталатын жаңа бағдарлама іске қосылды. Осылайша жұмысшы мамандық иелеріне баспана алуға жаңа мүмкіндік берілді.

 

«Наурыз» ипотекасы қанша адамды баспанамен қамтиды?

«Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпованың айтуынша, өткен жылы «Наурыз» бен «Отау» бағдарламасы бағдарламалары аясында 10 мыңнан мыңға астам жуық азамат өз баспаналарына қол жеткізді. Ал биылғы жылы осы бағдарлама бойынша 7-8 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғандықтан, осы саладағы еңбек адамдарына арнап «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында 2400 2440 адам баспаналы болмақ. Бұл бағдарламаларға мемлекет пен Отбасы банктік бюджеттен айтарлықтай қаржы бөлініп отыр. «Наурыз» бағдарламасы үшін 200 миллиард теңге қарастырылса, «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына 72 миллиард теңге бөлінген.

 

Алғашқы жарна төмендетілді

«Наурыз» ипотекасының басты артықшылығы – алғашқы жарнаның төмендігі, пайыздық мөлшерлеменің қолайлы болуы және несие рәсімдеудің жеңілдетілген шарттары. Егер өткен жылы бұл бағдарламаға қатысу үшін алғашқы жарна 20 пайызды құраса, биыл таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде ол ол 10 пайызға дейін төмендетілді. Бұл өзгеріс, әсіресе, жастар мен жаңа отбасылар үшін үлкен жеңілдік болып отыр. Ал әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй (моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде) сатып алу кезінде бастапқы жарна 20%-дан басталады.  Несие сомасы Алматы мен Астана қалаларында 36 миллион теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 30 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл қаражат арқылы бірінші нарықтағы жаңа салынған үйлерден пәтер сатып алуға мүмкіндік бар. Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда екінші нарықтағы баспаналарды да қарастыруға рұқсат етілген.

Бағдарламаға қатысу үшін басты талаптардың бірі – өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің соңғы бес жылда атына тіркелген жылжымайтын мүлкі болмауы тиіс. Сонымен қатар, несие төлеу қабілеттілігі де ескеріледі. Бұл талаптар алғашқы баспана алушыларға ерекше басымдық береді. Данагүл Түсіпова атап өткендей, бұл бастама тек тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, құрылыс саласын ынталандыруға да ықпал етпек.

 

Дәнекерлеуші де, механик те үйлі бола алады

Жаңа қосылған «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы жұмысшы мамандық иелері үшін үлкен мүмкіндік. Қазіргі таңда ауыр салада еңбек ететін мамандардың көбінің тұрақты табысы болғанымен, ипотекалық несие алуға мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан мемлекет осы азаматтарға арнайы жеңілдетілген бағдарлама ұсынуды қолға алды. Бұл жоба арқылы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, су энергетикасы, энергетика, көлік және логистика саласында жұмыс істейтін мамандар баспана алуға жеңілдетілген мүмкіндікке ие бола алады. Яғни дәнекерлеуші, слесарь, механик, маляр, жүргізуші және басқа да техникалық мамандар осы бағдарламаға қатыса алады. Ал осы салада жұмыс істейтін әкімшілік қызметкерлер, бухгалтерлер мен кеңсе қызметкерлері бұл бағдарламаға ілікпейді.

 

«Баспана маркет» арқылы пәтер таңдай аласыз

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына қатысушылар үшін бастапқы жарна таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй (моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде) сатып алу кезінде 20%-дан бастап алғашқы жарна 10 пайызды құрайды, ал несие мөлшерлемесі 79 пайыз көлемінде белгіленген. Егер өтінім беруші әкімдікте баспана кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтардың өкілі болса, оған 7 пайыздық (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) мөлшерлеме ұсынылады. Басқа азаматтар үшін 9 пайыздық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) несие қарастырылған. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш берушінің жеке басында және отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүлік тіркелмеуі қажет. Сонымен қатар, «Отбасы банк» депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинақталған болуы шарт. Бұл талаптардың барлығы несие алушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін енгізілген.

Қаржылық жүктемені азайту мақсатында алғашқы жарнаның төмендеуі маңызды қадамдардың бірі болды. Егер азамат 36 миллион теңге көлемінде несие алса, оған қажет алғашқы жарна 3,6 миллион теңге болады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 7,2 миллион теңгені құраған еді. Данагүл Түсіпова «Отбасы банк» іске қосқан «Баспана маркет» жүйесінің де маңыздылығын атап өтті. Бұл онлайн-платформа арқылы қатысушылар 6 ай ішінде өздеріне ұнаған пәтерді таңдап, рәсімдей алады. Құрылыс компаниялары бұл жүйеге өз пәтерлерін енгізіп, банк клиенттері үшін жылжымайтын мүлік іздеу процесін жеңілдетеді.

 

Еңбек адамы баспанасыз қалмайды

Бағдарламаның әлеуметтік маңызы зор. Біріншіден, бұл бастамалар баспанасыз жүрген азаматтарға нақты көмек көрсетуді мақсат етеді. Екіншіден, құрылыс саласының дамуына оң әсер етеді. Үшіншіден, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға септігін тигізеді. Мемлекет бұл жобалар арқылы тұрғын үйге мұқтаж халықтың мәселесін шешуге басымдық беріп отыр. Данагүл Түсіпованың айтуынша, өткен жылы «Наурыз» бағдарламасы арқылы 10 мың отбасы жаңа баспанаға қол жеткізсе, биыл бұл көрсеткіш 7-8 мыңға жуық адамға жетедіотбасы жаңа баспанаға қол жеткізедә деп жоспарланған. Ал «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы қосымша 2400 2440 азаматқа тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін ұсынбақ.

ТҮЙІН: Тұрғын үй мәселесін шешу – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі. Осы тұрғыдан алғанда, «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары азаматтарға нақты көмек көрсетудің тиімді тетігіне айналуда. Бұл бастамалар жастардың, жұмысшы мамандық иелерінің және әлеуметтік осал топтардың тұрғын үйге қол жеткізуін жеңілдетіп қана қоймай, құрылыс саласының дамуына да оң әсер етпек. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан мұндай бағдарламалар азаматтарға өз шаңырағын тігуге үлкен мүмкіндік береді.

 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады?

·        Өнеркәсіп саласының мамандары.

·        Ауыл шаруашылығы қызметкерлері.

·        Су энергетикасы және энергетика саласының жұмысшылары.

·        Көлік және логистика саласындағы техникалық мамандар.

·        Құрылысшылар, дәнекерлеушілер, механиктер, слесарьлар және басқа да техникалық мамандар.

 

Бағдарлама шарттары қандай?

·        Алғашқы жарна – таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үй сатып алу кезінде 10% -дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы тұрғын үй (моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде) сатып алу кезінде 20%-дан бастап,10 пайыз.

·        Несие мөлшерлемесі – 79 пайыз (ЖТСМ 7,1%-дан 9,6%-ға дейін және ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін).

·        Жеке басында және отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы керек.

·        «Отбасы банк» депозитінде кемінде 2 миллион теңге жинақталған болуы тиіс.

 

Мемлекет бұл Бағдарламаларға үлкен қаржы бөліп отыр:

·        «Наурыз» бағдарламасына – 200 миллиард теңге.

·        «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына – 72 миллиард теңге.

 

С.АНАРБАЙ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
2
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:39

11:13

10:34

10:10

09:48

09:08

22:02

21:36

21:24

21:16

21:13

19:07

18:11

17:49

17:34

17:31

17:29

17:20

16:41

16:38

16:36

16:33

16:32

16:29

16:24