конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағандылық жасөспірім төрт жасар баланың өмірін...

Қарағандылық жасөспірім төрт жасар баланың өмірін құтқарып қалды

Әлеумет Бүгін 13:05 52
Қарағандылық жасөспірім төрт жасар баланың өмірін құтқарып қалды
Polisia.kz

Полиция департаментінің бастығы жас батырға алғыс білдірді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының бас полицейі Негмет Исмагулов суға батып бара жатқан төрт жасар баланы құтқарып қалған 13 жастағы Нұралы Әлханды қабылдап, жасөспірімге ерлігі үшін алғыс білдірді.

Оқиға тамыз айының басында Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы көлінде болған. Суда ойнап жүрген төрт жасар бала мінген үрмелі матрас желдің әсерінен аударылып, бала суға құлап кеткен. Сол сәтте жағалауда болған 9-сынып оқушысы Нұралы Әлхан ойланбастан көмекке ұмтылып, баланы судан аман алып қалған.

Жасөспірімнің ерлігі туралы әлеуметтік желіден білген Қарағанды облысының полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагулов Нұралыны арнайы қабылдап, оның анасына да ризашылығын білдірді.

– Балаңыздың ерлігі туралы әлеуметтік желіден оқып, ерекше риза болдым. Сын сағатта тайсалмай, төрт жасар баланың өмірін құтқарған Нұралының батылдығы көпке үлгі. Осындай ержүрек азамат тәрбиелеп отырған ата-анасына алғысымды білдіремін. Балаларыңыздың болашағы жарқын болсын, – деді ПД бастығы.

Кездесу барысында Негмет Исмагулов алты баланы тәрбиелеп отырған Нұралының анасы Самал Абдрахмановаға алғыс хат табыстады.

– Сол сәтті қайта еске алудың өзі қиын. Анасы ретінде балам үшін алғашында қатты қорықтым. Бірақ оның баланы судан аман алып шыққанын естігенде, бойымды мақтаныш сезімі кернеді. Ұлымның ерлігін ескеріп, құрмет көрсеткен полиция департаментінің басшылығына алғысымды білдіремін, – деді Самал Абдрахманова.

Ал Нұралы үшін бұл оқиға – марапатқа емес, адам өмірін құтқаруға қатысты қабылданған шешім.

– Барлығы күтпеген жерден болды. Бала алғашында үрмелі матраспен жүзіп бара жатқан. Кейін желден матрас аударылып, ол суға құлап кетті. Сол сәтте менің ойымда оны қалай да құтқару ғана болды. Менің бес бауырым бар. Балаға қараған кезде өз бауырларымды елестеттім. Сондықтан оны аман алып қалу үшін бар күшімді салдым. Мұндай марапат аламын деп ойлаған жоқпын, – дейді Нұралы Әлхан.

Жасөспірімнің батылдығына тәнті болған Негмет Исмагулов Нұралыға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нышаны бейнеленген қолсағат табыс етті. Сонымен қатар оның бауырларына да сый-сияпат жасап, жас батырдың болашақта елге адал қызмет етіп, Заң мен тәртіпті құрметтейтін азамат болуына тілектестігін білдірді.

Нұралының әрекеті – азаматтық батылдықтың, жанашырлықтың және адам өміріне деген жауапкершіліктің жарқын үлгісі. Сын сағатта өз қауіпсіздігін ойламай, өзгенің баласын құтқаруға ұмтылған жасөспірімнің ерлігі көпке үлгі болары сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #оқушы #адам өмірін құтқару #бала құтқарылды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өскеменде ұландықтар адасып кеткен бес жасар баланы ата-анасына табыстады

Бүгін 13:31

Fitch Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің жоғары халықаралық рейтингтерін растады

Бүгін 12:30

Бурабайда «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті

Бүгін 12:28

Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысады

Бүгін 12:27

«Сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ» – «ДАУЫС» коалициясы

Бүгін 12:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);