Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағандыда алғашқы жайлы мектеп ашылды

Қарағандыда алғашқы жайлы мектеп ашылды

Әлеумет 03.09.2024, 14:55 2,087
Қарағандыда алғашқы жайлы мектеп ашылды
gov.kz

Қарағанды қаласының «Кеңдала» шағын ауданында 1 қыркүйекте 2000 орынға есептелген алғашқы жайлы мектеп ашылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.


Бұл жаңа мектеп қаланың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі төрт мектептегі жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қатысты.

– Бірінші қыркүйек – сіздерді жаңа білім әлеміне жетелейтін кезеңнің бастамасы. Білім мен ғылым – табысқа жетудің басты кілті. Жас ұрпаққа жайлы, сапалы білім беру үшін қолайлы жағдайлар жасау – біздің басты мақсатымыз. Осы жайлы мектептің қабырғасында сіздерді қызықты әрі әдемі болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін! – деді аймақ басшысы.

– Мен сіздермен осындай ерекше күні бірге болғаныма өте қуаныштымын. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасы апатты мектептерді жоюға, оқушы орындарының тапшылығын еңсеруге және жайлы білім беру процесін қамтамасыз етуге бағытталған, – деп атап өтті министр. – Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл даму мен оқу үшін тамаша жағдайлар жасалған орын.

Жайлы мектепке конкурс арқылы 150 мұғалім жұмысқа қабылданды. Алғашқы күндерден бастап оқушылар мен педагогтар «Жайлы мектептер» ұлттық жобасының стандарттары бойынша жаңа форматтың артықшылықтарын бағалай бастады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін оқу кабинеттері, санитарлық тораптар мен спорт залдары бар жеке блоктар қарастырылған. Ыңғайлы және қауіпсіз болу үшін алты кіреберіс пен шығатын есіктер жасалды.

Кабинеттер мен зертханалар модификацияланған және ең заманауи талаптарға сай жабдықталған. 

 «Бізге оқу ыңғайлы әрі қызықты болуы үшін барлық жағдай жасалған. Маған әр қабатта коворкинг аймағының бары ұнайды. Мектепте төрт спорт залы бар, бұл спортқа көп көңіл бөлінетінін білдіреді», – деп бөлісті оныншы сынып оқушысы Дина Жұмабай.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жайлы мектеп #білім #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Кеше 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Кеше 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Кеше 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Кеше 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика