AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағандыда 30-шы жылдардағы ашаршылық құрбандарын...

Қарағандыда 30-шы жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды

Әлеумет 31.05.2022, 13:34 1,769
Қарағандыда 30-шы жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатылды
Cурет: Inform.kz

Жиналғандар қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды


Өткен ғасырдағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы Қарағанды этнопарк аумағында, «Әнет баба» мешітінің жанында орнатылды. Ол аштықты бейнелейтін жабық қазанның бейнесін құрып тұрған ер мен әйелдің жапсарлас фигуралары түрінде жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Ескерткіштің ашылуына қайғылы кезең құрбандарының ұрпақтары мен облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов қатысты. Мүсіннің авторы – қазір Германияда тұратын Жармұхамбет Тілеген. Шебер бұл үшін тарихи отанына арнайы келіп, мұнда алты ай тұрған.




«Өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнату идеясы Еуропаның әр түкпірінде тұратын қазақтарға тиесілі. Германияда біздің «Наурыз тобы» атты қоғамымыз бар. Бәрімізді ортақ тарих, жүрек сыздатар сезім біріктіреді. Сол жылдары үш миллионнан астам қазақ қайтыс болды, біздің ата-бабаларымыз ерекше қайғылы күндерді басынан өткерді. Өскелең ұрпақ бұл тарихи оқиға туралы білуі үшін ашаршылық туралы еске салатын ескерткіш орнатуды жөн көрдік. Мен бірнеше эскиздер жасадым, біз олардың арасынан осыны таңдадық. Ескерткішті жасауға шамамен жарты жыл уақытымды жұмсадым», – дейді мүсінші Жармұхамбет Тілеген.



Мүсінші өткен ғасырдағы қуғын-сүргін оның да отбасын айналып өтпегенін айтады. Оның әкесіне өмір бойы басын аман алып қалып, ату жазасына ілікпеу үшін шетел кезіп жүруге тура келген. Сондықтан автор өткен ғасыр тарихының қайғылы сәттері жайлы хабардар. «Мен мүсінде сол күндерді еске алған кездегі барлық эмоцияларды жеткізуге тырыстым. Мүсін граниттен жасалған, тұғыр да гранитпен қапталған. Биіктігі – 1,2 метр», – деді автор. Ескерткіштің орны кездейсоқ таңдалмаған. Күн сайын мешітте дұға бағышталып тұрады. Ұйымдастырушылар мешіт жамағаты аштықтан қайтыс болған ата-бабаларының жаны үшін де дұға еткенін қалайды.



«Ешқайсымыз мәңгілік емеспіз. Біз жастарды өткенмен байланыстыратын ұрпақпыз. Біз болмасақ оларға өткеннің қайғылы оқиғалары туралы кім айтып береді? Ал бұл ескерткіш біздің бейбіт аспан мен өмірімізді бағалайтын қайғылы күндерді еске салуы тиіс», – деп атап өтті Еуропадан келген қазақ қауымдастығының өкілі Серік Тұрсын. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ескерткіш #ашаршылық #құрбандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика