AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қарағанды облысында зағип және көзі нашар көретін...

Қарағанды облысында зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін «Қолжетімді кино» жобасы басталды

Мәдениет 29.11.2024, 17:52 765
 Қарағанды облысында зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін «Қолжетімді кино» жобасы басталды
Ұлттық киноны қолдау орталығы

Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Қарағанды облыстық зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапхана «Қолжетімді кино» жобасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Меморандумның мақсаты – Қарағанды облысындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтардың қазіргі заманғы экрандық мәдениетке қол жетімділігін кеңейту.

Келісім аясында қазақстандық фильмдер тифлокомментарийлермен көрсетіліп, көру қабілеті бұзылған көрермендерге отандық кинематографтың атмосферасына енуге мүмкіндік жасалады. Бұл ынтымақтастық коммерциялық емес сипатқа ие және мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған.

Меморандум аясында тифлофильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады. Тифлотүсініктемелі фильмдер аудиосипаттамамен қатар ұсынылады. Соның ішінде орталықтың қолдауымен түсірілген «Үміт сәулесі», «Боксер», «Бүркіт» және тағы да басқа картиналар бар. Атап айтқанда, «Үміт сәулесі» фильмі Париж Олимпиадасында топ жарған Ерғали Шамейдің ерік-жігерін баяндаса, «Боксер» фильмі Серік Сапиевтің спорттағы жетістіктерін паш етеді. Ал «Бүркіт» фильмі құқық қорғау органдарының көзсіз ерлігін дәріптейді. Алдағы уақытта бұдан басқа да отандық фильмдерімізді жүйелі ұсынып, бастаманы еліміздің өзге өңірлерінде жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

«Мәдениет пен өнер, кино барлығына бірдей қолжетімді болуы қажет. Біз бұл жобаның инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадам болатынына сенеміз!», – деді Ұлттық кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #Меморандум #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17

Мұнай бағасы құбылып тұр: Қазақстанға әсері қандай?

Бүгін 14:51

Қазақстан бойынша Ораза айт намазының кестесі жарияланды

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика