Қарағанды облысында төрт кенші қаза тапты

Қарағанды облысында төрт кенші қаза тапты Сурет: Fbc.ua

Шахтада апат болды.


Қарағанды облысы, Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада апат болды. Нәтижесінде 4 кенші көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


3 қараша күні сағат 3.03-те «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында апат болды.



«Оқиға болған кезде шахтада 106 қызметкер болды, 101 адам жер бетіне көтерілді. 5 адам (бағаналы бөлік жұмыскерлері) көтеру торларының жұмыс істеуі үшін қалды», деп мәлімдеді әкімдікте.



Қазіргі уақытта шахтаның 4 қызметкерінің денесі табылды, 4 адам жер бетіне шығарылған соң Шахтинск қаласының Орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.


Оқиға орнында облыс әкімі, қала басшысы және компания жетекшілері, «Көмір» ӘҚҚҚ авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.


Орын алған оқиғаға байланысты полиция мамандары қылмыстық іс қозғады. 



«Оқиға орнында Қарағанды облысы полиция департаментінің жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:53

17:32

17:06

16:43

16:27

15:58

15:49

15:41

15:35

15:29

15:12

14:55

14:45

14:33

14:11

12:32

12:18

12:06

11:57

11:50

11:45

11:44

11:35

11:17

11:04