Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды облысы рекордтық мөлшерде астық жинады

Қарағанды облысы рекордтық мөлшерде астық жинады

Әлеумет 16.10.2024, 11:28 1,027
Қарағанды облысы рекордтық мөлшерде астық жинады
gov.kz

Ең жоғары көрсеткішке Абай, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандары қол жеткізді.

Қарағанды облысында биыл 1 млн 300 мың тонна астық жиналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Өнімділіктің жоғары болуының негізгі факторларының бірі мемлекетті қолдау, ауыл шаруашылығы техникасын уақтылы дайындау, жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану, агротехнологияларды сақтау және отынмен қамтамасыз ету болды.

Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Саят Мусин жергілікті шаруа қожалықтарының жетістіктері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте айтып берді.

«9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өндірісі ұлғайды. Нақты көлем индексі 116,7 % құрады. Астық өнімі бойынша ең жоғары көрсеткішке Абай, Бұқар Жырау, Нұра және Осакаров аудандарының шаруашылықтары қол жеткізді. Гектарына 15 центнерден өнім жиналды. Сонымен қатар, биыл картоп бойынша да өнім жоғары болды – 11,3 мың гектардан 299 мың тоннаға жуық өнім жиналды. Бұл аймақтың ішкі қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етеді. Нұра, Шет және Осакаров аудандарының шаруашылықтары көш бастап тұр», - деді ол.

Сондай-ақ, өнімділігі 7 ц/га болатын 23,4 мың тонна майлы дақылдар жиналды.

Жергілікті қоймалар бүкіл егінді сақтауға дайын.

Брифингте өз жетістіктері туралы ауыл шаруашылығы басшылары айтып берді.

«Шаруашылығымыз құрылғалы алғаш рет біз 65 мың тоннадан астам дәнді дақылдар, мың тонна майлы дақылдар, 27 мың тонна картоп жинадық. Егер шаруашылығымыз тыңайған жерлерді игерген кезден бастап дәнді дақылдармен айналысып келе жатқан болса, картоп өсіруді тек 9-шы жыл инеріп келеміз. Бұл біздің барлық білімдері мен дағдыларын осы нәтижелерге қол жеткізуге жұмсаған фермерлеріміздің үлкен еңбегі. Республика көлемінде өте жақсы өнім алдық, үшінші класс астығымыз 40 %-дан асады», - дейді Нұра ауданының "Шахтерское" ЖШС директоры Георгий Прокоп.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #астық #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика