Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағы...

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт оқшауланды

Әлеумет 08.10.2024, 18:28 1,144
Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт оқшауланды
Сурет: ТЖМ

Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді.

Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының  эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды, деп хабарлайды aqshamnews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы  анықталуда.

Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Қазіргі уақытта Қарағанды  облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылуда.

Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды.

ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. 

Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылуда.

Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары,  ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.

Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті. Сонымен қатар аэровизуалды барлау жүргізілді. Ұшу нәтижелері бойынша жағдай тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, екі облыс шекарасында өрт шыққаны жайлы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 

Табиғи өрт кезінде қайғылы жағдай орын алды. Өрт кезінде қызметтік міндетін атқарып жүріп, қарағандылық құтқарушы қаза болды. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #Қарағанды облысы #Павлодар облысы #өртті оқшаулау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика