AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Еліміздің екі аймағында өрт болды

Еліміздің екі аймағында өрт болды

Оқиға 07.10.2024, 09:10 1,656 dulatbekova
Еліміздің екі аймағында өрт болды
Сурет: Gov.kz

6 қазанда Қарағанды облысы Қарақаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөптің жануынан өрт шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді.

Шақыру орнына келген кезде алдын ала 40 гектар алқапта жану байқалды. Өртті сөндіру барысында өңірдің ТЖД екі қызметкері және ерікті өртке қарсы құралымның бір қызметкері күйік алды. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағында өрттен зардап шеккен тағы бір тұрғынды Қарағанды қаласының ауруханасына жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жеңіл күйік алған.

Күндіз дала өрті Павлодар облысының шекарасынан "Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің" ормансыз аумағына көшті. Өрт орнына "Қазавиақұтқару" тікұшақтары барды. Тікұшақ құрылғысына суды Шалқаркөл көлінен қармап алып, сағат 17-00 жағдай бойынша өрт ошақтарына 6 рет жалпы көлемі 18 тонна су төгілді.

Сондай-ақ аэровизуалды барлау барысында Желтау кентінің тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Қауіпсіз жерге 18 адам, оның 8 бала
эвакуацияланды.

ҚР ТЖМ Командалық орталығында штаб жұмыс істеуде. ТЖ вице-министр Еран Нұрпейісов өрт орнында. Қарағанды облысының әкімі де оқиға орнына барды.

Құтқарушылар тобы қосымша күштер мен құралдармен толықтырылды.
Өрт орнында Қарағанды және Павлодар облыстарынан ТЖД, ЖАО, ЭТРМ күштері жұмылдырылды: жеке құрамнан 183 адам, 56 бірлік техника және 4 тікұшақ.

Өрттің алдын ала ауданы 3000 гектардан асты.

Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Ақпараттық психологиялық қолдау көрсету үшін ТЖ-ны жою штабында 8 721 2 51 72 23 жедел желі телефоны жұмыс істейді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дала өрті #Қарағанды облысы #Павлодар облысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);