Қар барыстарының Қызыл кітапқа енгені белгілі. Өкінішке орай, бұл жыртқыштар жойылуға шақ қалды. ҚР ҒЖБМ Зоология институтының өкілі, Қар барысын бақылау орталығының жетекшісі, «Snow Leopard Foundation» ҚМФ атқарушы директоры Алексей Грачев Taspanews.kz тілшісіне Қазақстанда қар барысын қалай қорғап жатқаны, олардың санының азаю себептері, жыртқышты ел аумағында бақылаудың қиындығы және бұл жануардың экожүйедегі маңызы туралы айтты берді.
«Қар барысы – осы уақытқа дейін сақталып келген Panthera ірі мысықтарының елдегі жалғыз түрі. Қазақстанда адамдардың табиғи ортаны шаруашылық мақсатта жаппай игеруінен жануарлардың көптеген түрлері тұрақты түрде азая бастады. Көптеген зоологтар алдын-ала дабыл қаққанымен, кейбір түрлер жойылып үлгерді», – деді Грачев. Өз сөзінде ол 1978 жылы Қазақстанның алғашқы Қызыл кітабы шыққан кезде ел аумағында гепардтар мен жолбарыстардың толықтай жойылып кеткенін айтты.
«Қар барыстары мекендейтін жерлері адам үшін қолжетімсіз және жарамсыз болғандықтан ғана сақталуда, Сонда да лоардың түрі азаюда. 1980 жыл басында Қазақстанда олар 180-200-ге дейін азайды, ал 1990 жыл басында олардың саны 100-ге дейін жетті. Соңғы 30 жылда қабылданған жаңа қорғауда болған табиғи аумақтарды (қорықтар мен ұлттық саябақтар) құру сияқты шаралардың арқасында ғана қар барысының саны біртіндеп қалпына келе бастады», – деп атап өтті маман.
Грачев қазіргі уақытта қабылданған шаралардың арқасында Қазақстандағы қар барысының жалпы санын ғалымдар 150-180-ге жетті деп бағалайтынын атап өтті.
Сарапшының мәліметіне сай, қазіргі уақытта ұлттық парктер мен қорықтардың аумағында елдегі қар барыстарының 70%-ға жуығы мекендейді. Осылайша, Іле-Алатау ұлттық паркі жақсы қорғалғанның арқасында қар барыстары Алматы қаласының әкімшілік шекаралары бойында кездесуде.
«Олардың негізгі мекендеу аумағы Медеу табиғи паркіндегі Кіші Алматы шатқалы. Сондықтан, урбанизация процесі енді қар барысы тіршілігіне әсер етпейді деп үміттенеміз», – деді маман.
Грачев Қазақстанда қар барысы санын сақтау және көбейту бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама жоқ екенін айтты. Алайда, ақбөкен, қарақұйрық, арқар, тоғай бұғысы және құлан сияқты басқа сирек кездесетін түрлер бойынша шамамен 20 жыл бойы үздіксіз мемлекеттік бағдарлама жүзеге асуда. Атап айтқанда, соңғы жылдары, негізгі бөлігі халықаралық қаржыландыру есебінен болған, оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыс санын қалпына келтіру жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда, онда жақында жолбарыстар тұқымдасының негізін қалаушылар енгізілді.
«Түрдің сақталуына байланысты негізгі ғылыми жұмысты ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» РМК Ғылым және жоғары білім министрлігі есебінен қаржыландырылатын ғылыми бағдарламалар мен жобалар шеңберінде жүргізеді. Зоология институтында арнайы құрылымдық бөлімше – Қар барысын бақылау орталығы жұмыс істейді, ол ғылыми зерттеулер негізінде түрді сақтау бойынша шаралар әзірлейді», – деп нақтылады ғалым.
«Мысалы, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) үлкен қолдау көрсетеді. БҰҰДБ ҚР Үкіметімен бірлесіп, қар барысын сақтау үшін ЕҚТА желісін кеңейту және жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс істеуде. Қорықтар мен ұлттық парктерді қар барысын бақылауға арналған фототұзақты қоса алғанда, қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете отырып, ЕҚТА әлеуетін күшейтуде. Сондай-ақ, БҰҰДБ елімізде түрді зерттеу үшін жаңа технологияларды енгізумен айналысады. Осы бағытта спутниктік телеметрияны қолдану нәтиже берді, Қазақстанда 11 қар барысы спутниктік таратқыштар арқылы белгіленіп, тіркелді», – деп түсіндірді маман.
Ол сондай-ақ, елде «Snow Leopard Foundation» халықаралық қоры белсенді екенін айтты. Қазіргі уақытта оның қызметі барысты сақтаудағы ең маңызды екі бағытта жүреді – бұл экология жайлы ақпараттандыру және жануардың көбеюі жағдайын бақылау.
«Қар барысы таулы экожүйеде ешбір жыртқышқа қорек болмайды. Сонымен қатар, қар барыстарының таулы аймақта мекендеуі – ондағы экожүйенің тұрақты және үйлесімді екенін білдіреді», – деді ғалым.
Сонымен қатар, тіршілік ету ортасына сай, қар барысы әлі де «әлемдегі ең қолжетімсіз ірі мысық тұқымдасы» болып саналады.
«Соңғы уақытқа дейін қар барысы туралы ақпарат жеке белгілер бойынша ғана жиналған, мысалы қар мен топырақтағы табан іздері бойынша. Көптеген зерттеушілер өмірінде бұл барысты бірнеше рет ғана кездестірген, ал нағыз мамандар ешқашан кездестірмеген. Фототұзақтар мен спутниктік телеметрия сияқты қашықтықтан бақылаудың жаңа әдістерінің пайда болуының арқасында популяцияның негізгі параметрлерін, сондай-ақ осы сирек кездесетін түрдің өмір салтының кейбір аспектілерін анықтауға мүмкіндік туды», – деп атап өтті сарапшы.
Ол сондай-ақ бүгінде барыстардың қайда мекендейтінін айтты. Бұл сирек кездесетін жыртқыштың негізгі бөлігі елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс тауларында – Тянь-Шань және Жоңғар Алатауы тауларында шоғырланған. Олар сондай-ақ Қазақстанның шығысында, Алтай және Сауыр-Тарбағатай тауларында бар, алайда ол жерлерде сирек кездеседі.
«Тау ешкілері мекендейтін жерде қар барыстары да тұрады. Сонымен қатар, тау ешкісінің саны көп жерлерде қар барыстары да кеңінен таралады», – деп қорытындылады Грачев.