AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Қар барысы көбейіп келе жатыр

Қар барысы көбейіп келе жатыр

Алматы құшағында 07.04.2026, 10:42 217 yakiya
Қар барысы  көбейіп келе жатыр
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Батыс Тянь-Шаньда қар барысы көбейіп келе жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Зоология институтының териология зертханасының меңгерушісі Алексей Грачев осы зерттеу туралы баяндады.

Ғалымның айтуынша, Қырғыз Алатауында кемінде сегіз ілбістің мекендейтіні расталған, олардың арасында төлдегендері де бар екен.

«Бұл өте маңызды нәтиже, себебі ол түрдің бар болып қана қоймай, осы аумақта сәтімен көбейіп жатқанын да көрсетеді. Дәл осы зерттеу нәтижесі 2025 жылдың соңында қар барысын (ілбісті) қорғайтын «Мерке» өңірлік табиғи паркін құруға ғылыми негіз болды», — деді Алексей Грачев.

Ол Батыс Тянь-Шаньның қар барысын сақтауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті, себебі мұндағы популяция жаһандық таралу аймағының шетінде орналасқан және оның тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

«Мұндай шеткі топтар өте маңызды, өйткені олар ареалдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, популяцияның генетикалық және экологиялық әртүрлілігін сақтауға ықпал етеді», — деді спикер.

Оның сөзінше, бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен тұрақты ғылыми бақылаудың арқасында мүмкін болып отыр. Сонымен қатар ғалымдар болашақта қар барысы бұрын Түркістан қаласынан небәрі 50 шақырым жерде мекендеген Қаратауға қайта оралуы мүмкін екенін айтады.

«Қар барысының Қаратауда табиғи түрде қайта қалпына келу мүмкіндігі бар деп айтуға болады, егер қорек базасы, мекен ету ортасы сақталып, жақсылап қорғайтын болса. Бұл алдағы бір-екі жылда бола қоюы екіталай, бірақ қажетті алғышарттар қазірдің өзінде қалыптасты», — деп атап өтті ғалым.

Сонымен қатар Батыс Тянь-Шань Қазақстандағы биоалуантүрліліктің маңызды аймақтарының бірі болып қала береді. Мұнда көп сирек жануарлар мекендейді, соның ішінде саны соңғы жылдары шамамен 980 дараққа дейін өскен Қаратау арқары бар.

Өңірдің тағы бір ерекше өкілі — осы тауларда ғана кездесетін эндемик Мензбир суыры. Мұндай түрлерді басқа аумақтар есебінен қалпына келтіру мүмкін емес болғандықтан, оны сақтауға ерекше көңіл бөлу керек.

Бұдан бөлек, Батыс Тянь-Шаньда Түркістан сілеусіні мен Тянь-Шань қоңыр аюының тұрақты топтары сақталған, бұл экожүйенің табиғи тепе-теңдігі сақталғанын көрсетеді.

Спикердің айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың арқасында және осы заманғы бақылау әдістерін қолданудың арқасында оындай жақсы нәтижеге қол жеткен.
Зерттеулерде фототұзақтар, спутниктік бақылау мен ұшқышсыз технологиялар пайдаланылады, бұл популяцияны дәлірек бағалап, оларды сақтау бойынша тиімді шара қабылдауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ілбіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);