AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қаңтар оқиғасы ұмытылған жоқ

Қаңтар оқиғасы ұмытылған жоқ

Әлеумет 05.04.2024, 10:42 1,151 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Қаңтар оқиғасы ұмытылған жоқ
almaty-akshamy.kz

Қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалдық кешені «Тұран» университетіне жақын маңнан орын тепкен. Сондықтан онда оқитын жастар мен дәріс беретін оқытушылар бұл сәулет кешенінің мән-мағынасын жақсы түсінетіні сөзсіз. 


Аталған универдің оқытушысы, филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлжан Төлекова ел ішінде дүрбелең туған күні жұмыс орнында түске дейін ғана отырып, түстен кейін үйіне қайтқан болатын. Ол кезде студенттер қысқы демалысқа тарап кеткен. Түсініксіз жағдайлар кешке басталды дейді ол.



– Қас қарайған шақта үйге әуелі балаларым, одан жолдасым келді жұмыстан. «Көшедегі ахуал біртүрлі, көліктер бір-біріне бағынбай, кептеліске де қарамай, бір-бірін басып озып жатыр. Көшеден өртеніп жатқан машиналарды да көрдік» деді олар мазасыз көңілмен. Ертеңіне күйеуім екеуміз нан алуға шықтық. Біраз жер жүрдік. Ешбір дүкеннен нан таппадық. Жолай кезіккен, түр-әлпеті бөтен көрінетін адамдардың жүзі тым суық көрінді. Бәрі суыт жүргендей. Көздері алақ-жұлақ етеді. Көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан банк, дүкен, дәріханалардың тоналғанын көрдік. Айнала нан іздеген ағайын. Сол кезде нанды дүкеннің ішінен пісіріп сатып жатты. Қолымызда банк картасы, бірақ тамақ сатып алатын ақшамыз жоқ. Бұл бір қиын сәттер болды. Сол мезеттерде орын алған ел ішіндегі дүрбелеңде біздің қалаға мүлде бөтен адамдар кіріп кеткендей әсерде болдым, оны мен сөзбен айтып жеткізе алмаймын, – дейді Гүлжан Қажымұратқызы өткен күндерді еске алып.



Ертеңіне де сыртқа шығуына тура келді. Себебі, үш-төрт күн бұрын соғымға тапсырыс беріп қойған болатын. Терезеден үңіліп қарап еді, сыртта әлдекімдерді торып жүрген машиналарды көзі шалды. Сонда да аулаға шықты. Аулада үш-төрт бала алаңсыз ойнап жүріпті. Бір кезде тұтқиылдан атыс басталып кеткенде, сілейіп тұрды да қалды. Ойын балаларының алдынан бір жігіт қаша жөнеліп, оны полиция өкілдері қуып кеткен. Бейбіт өмірде осындай атысты көрем деп кім ойласын, Гүлжан Қажымұратқызы ауруханаға түсіп қалады. 



Кей-кейде «Тағзым» мемориалдық кешенінің жанынан өте қалғанда, сол күндер санасында жаңғырып тұрып алатыны бар. Сол бір сәттер көз алдынан киноның лентасындай өте бастайды. Кейін осынау сын сағатта әскери борышын өтеп жүрген жас сарбаздардың да Алматы тыныштығын, бейбіт тұрғындардың өмірін қорғауға атсалысқанын естіп, ана ретінде тіпті толқыды. 



Қазір студенттеріне қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған қасиетті тәуелсіздігімізге қатер төндірген қаңтар оқиғасы туралы жиі айтып, оларды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырып отыратыны бар. Ал «Тағзым» мемориалының ашылуын біздің ел басына күн туған ауыр күндерде қаза тапқан отаншыл азаматтарымызға деген үлкен құрмет деп біледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қаңтар #Тағзым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);