Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қанша мұнай қоры қалды?

Қанша мұнай қоры қалды?

Әлем 26.01.2025, 14:10 785
Қанша мұнай қоры қалды?
интернет

Ұлттық статистика бюро­сы­ның мәліметінше, былтыр мұнай мен конденсат өндіру көлемі 87,6 млн тоннаны құрады.

Шикі мұнай өндіруде өнеркәсіптік өнді­ріс­тің индексі 97,5%-ды, ал табиғи газ өндірісінде 99,4% болған, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Жалпы, еліміздің 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы өнеркәсіптік өндіріс индексі 102,8%-ға жеткен. Осы деректерге қарап отырып, бізде мұнай қоры қанша деген сұрақ сап ете қалады. 1990 жылдан бері елімізде 1,94 млрд тонна мұнай өндірілген. Қазір жер қойнауында шамамен 4 млрд тонна мұнай қоры бар көрінеді.

Мұнай өндірісі мен оның әлемдік нарықтағы орны туралы болжамдар келер екі жылда айтарлықтай өзгермек. АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) келтірген мәлі­метке сәйкес, 2025 жылы елімізде тәулігіне 1,89 млн баррель мұнай өндіріледі. 2026 жылы мұнай өндірісі біртіндеп артып, жыл соңына қарай тәулігіне 2 млн бар­­рельден асуы мүмкін. 

Мұнай бағасына қатысты да маңызды болжамдар жасалды. 2025 жылы Brent маркалы мұнай бағасы баррелі­не 74 долларға дейін төмендеуі мүмкін болса, 2026 жылы бұл баға 66 долларға дейін түсуге тиіс. Мұның себебі – әлемдік нарықтағы мұнай ұсынысының артуы. 2025 жылы мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 104,1 млн баррельге жетеді дегенмен, нарықтағы ұсы­ныс одан асып, 104,4 млн баррельге жақындамақ. Осылайша, ұсы­ныс­тың сұраныстан жоғары болуы бағаның төмендеуіне әкеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай қоры #конденсат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика