AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қандас мәртебесін беру қайта қаралады

Қандас мәртебесін беру қайта қаралады

Әлеумет 12.05.2025, 17:46 814
Қандас мәртебесін беру қайта қаралады
Сурет: Gov.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 68 қандас мәртебесін беру тетігін өзгерту бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz  

Қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобының құрамы бекітілді.

- Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылсын. Жұмыс тобы 2025 жылғы 30 мамырға дейін мерзімге қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау бойынша заңнамалық түзетулер әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратына енгізсін, - делінген мәтінде.

Оның орындалуын бақылау және жетекшілік ету Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жүктелді. 

Қандас мәртебесін беру тетігіне заңнамалық түзетулер енгізу жөніндегі ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобының құрамы: 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары, басшысы;
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, басшының орынбасары;
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, хатшы;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
ҚР Әділет вице-министрі;
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі;
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
ҚР Білім вице-министрі;
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары;
ҚР Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі;
облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары.
Жұмыс тобына 2025 жылғы 30 мамырға дейінгі мерзімде қандас мәртебесін беру тәртібін қайта қарау бойынша заңнамалық түзетулер әзірлеп, оларды ҚР Үкіметінің Аппаратына енгізу тапсырылды.

А Н Ы Қ Т А М А: 

Қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және оның ұлты қазақ отбасы мүшелері.

Биыл 3,2 мыңнан аса этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2025 жылға арналған өңірлік квотасы 9653 адам деп белгіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандас #мәртебе #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);