Қандас мәртебесін алғандар саны артты

Қандас мәртебесін алғандар саны артты Сурет: History-doc.ru

Жыл басынан бері 7,4 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған.


Қазақстан Үкіметі жыл басынан бері шетелден келген қанша қазақ қандас мәртебесін алғанын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, 7 415 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 95,3 мың этникалық қазақ оралды»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (70,2%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 7,4% – Түрікменстаннан, 3,2% – Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден қоныс аударған.


Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (18,3%), Түркістан (9,8%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (5,7%), Нұр-Сұлтан (7,1%) және Шымкент (8,1%) қалаларына қоныстанды.


Осы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар саны 24,1% және зейнеткерлер саны 13,9%.


Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11,4%-ы жоғары білімді, 40,3%-ы орта кәсіби білімді, 47%-ы жалпы орта білімді және 1,6%-ның білімі жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:38

17:58

17:43

17:21

17:05

16:39

16:15

16:03

15:34

14:38

12:55

12:42

12:32

12:31

12:28

11:44

11:03

10:54

10:47

10:39

10:37

10:21

10:17

10:16

10:07