Қандай тағам көңіл-күйді көтереді?

Қандай тағам көңіл-күйді көтереді? Сурет: Raznic.ru

Ағзаға D дәрумені жетпегенде көңіл-күй құбылмалы болады


Көңіл-күйдің бұзылуы мен күйзеліс серотонин, дофамин және эндорфин сияқты бақытқа бөлейтін гормондардың жетіспеуінен пайда болуы мүмкін. Бұл туралы дәрігер-диетолог Елена Соломатина айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РЕН ТВ сайтына сілтеме жасап. 


Дәрігер оларды тек серуендеу немесе спорттан ғана емес, сондай-ақ, тамақтан да алуға болатынына назар аударды. 


Соломатинаның айтуынша, ағзаға антидепрессант ретінде қызмет ететін D дәрумені жетіспей жатуы мүмкін екен. Мұндай жағдайда тамақ рационына балық майын немесе балық бүйрегін қосу керек. 


«Бізге тағы құрамында магнийі бар өнімдер: шемішке, жаңғақ, жасыл жапырақты көкөністер қажет. Сонымен қатар, B тобындағы азық-түліктер - бүтін дәнді өнімдер де қажет. Бұл компоненттер болмаса, көңілсіз күй кешуіміз мүмкін», - деп атап өтті диетолог. 


Көңіл-күйді көтеретін басқа азық-түліктер қатарына ол сұлы жармасын, қызанақ және күркетауық етін жатқызды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:53

18:01

17:48

17:28

17:12

16:59

16:42

16:29

16:16

16:02

15:45

15:32

15:15

14:57

14:31

14:18

14:05

13:46

13:23

13:07

12:47

12:37

12:27

12:08

11:58