Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қандай коллагенді қолдануға болады?

Қандай коллагенді қолдануға болады?

Мұны білген жөн 17.01.2026, 16:08 371
Қандай коллагенді қолдануға болады?
depositphotos.com

Қазір коллаген өнімі қыз-келіншектер арасында өте сұранысқа ие. Бірақ бұл өнімнің халал, харам екендігі туралы сұрақ көп, соған орай ҚМДБ төмендегідей пәтуа шығарған.

Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – дәнекер ұлпаларын біріктіретін ақуыздың бір түрі.

Қазіргі таңда коллаген косметикалық өнімдер құрамына, тағам қоспаларына т.б. қолданылады. Коллаген жануарлардың сүйектерінен, терілерінен, сіңірлерінен, балықтың қабыршағынан, құстың шеміршектері мен сүйектерінен т.б. алынады. Сол үшін оның шариғаттағы үкімі қандай нәрседен алынғанына байланысты әрқалай болады. Мысалы:

Шошқадан алынған коллаген. Ол – нәжіс, харам саналады. Шариғатта шошқаның етін, майын жеуге, терісін т.б. қолдануға тыйым салынған.
Балықтан алынған коллагенді қолдануға рұқсат. Себебі балық адал әрі бауыздауды қажет етпейді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Теңіз суы – тазартушы, өлексесі – адал».
Сиыр, қой секілді еті желінетін әрі шариғатқа сай сойылған жануарлар мен құстардан алынған коллаген. Бұны қолдануға болады. Ал еті желінбейтін жануардан немесе еті желінетін, бірақ шариғат жолымен бауыздалмаған малдан және құстан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналып кетсе немесе түбімен жойылып, болмысынан айырылса ғана қолдануға болады[6] . Ал өзінің құрамын түбегейлі өзгертпесе, онда оны қолдануға рұқсат жоқ .

Шешім:

Еті желінетін, шариғатқа сай бауыздалған мал және балықтан алынған коллагенді қолдануға – рұқсат.
Шошқадан алынған коллаген – харам.
Еті желінбейтін жануардан немесе шариғатқа сай бауыздалмаған еті желінетін малдан алынған коллагенді қолдануға болмайды. Тек химиялық құрылымы өзгеріп, басқа нәрсеге айналса немесе болмысы толықтай жойылса ғана рұқсат.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коллаген
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Бүгін 12:03

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика