AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Қалыңдықтың хикаясын» көруге келіңіздер

«Қалыңдықтың хикаясын» көруге келіңіздер

Не? Қайда? Қашан? 13.05.2024, 15:46 892 Нұржамал ӘЛІШЕВА
«Қалыңдықтың хикаясын» көруге келіңіздер
almaty-akshamy.kz

Көрме экспозициясында жете орындалған иллюстрациялардың 207 парағынан тұратын осы серияның 14-томы ұсынылған. Олар Орталық Азияның жарқын және ерекше мәдениеті мен өмір салтын көрсететін әсерлі, әрі шиеленіскен оқиғаларды, әсерлі кейіпкерлерді сипаттайды. Манга XIX ғасырдың ортасында бастау алып, қалыңдықтың бейнесіне ерекше назар аудара отырып, көшпенділердің өмірін баяндайды.

«Қалыңдықтың хикаясы» сериясы 2008 жылы Aokishi (Kadokawa) манга журналында жариялана бастады және қазір кең танымалдылыққа ие. 14 томы жарық көрді, бірнеше тілге аударылды. Серия көптеген отандық және халықаралық марапаттарға ие болды, соның ішінде 2014 жылғы Manga Awards сыйлығының бас жүлдесі. 2022 жылы «Жапония мен Орталық Азияның бес елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған мерейтойлық жоба» аясында «Қалыңдықтың хикаясы» Киотодағы Халықаралық манга музейінде көрмеге қойылды.

«Көрме экспозициясына қойылған иллюстрациялар XIX ғасырдағы Орталық Азияның мәдениеті мен дәстүрін, отбасылық қарым-қатынасын және бай мұрасын Каору Мори манганың керемет өнері арқылы таныстырды. Автор келушілерді XIX ғасырдағы көшпелілер тарихымен танысуға шақырады, бұл көшпелі рулар мен қала тұрғындары өз жерлерін сыртқы шапқыншылықтан қорғау үшін бірігіп жатқан кезеңде  дамыған. Мори ханымның асқан шебер  өнері Орталық Азияның өмірін, пейзаждары мен сәулетін қайта елестетіп, осы жерлерді мекендеген көшпенділердің өмірін әсерлі, әрі тартымды баяндайды. Бұл серия бүгінгі күні де бүкіл әлемдегі оқырмандарды баурап алуды жалғастыруда», – дейді көрме кураторы Дидар Азат.

«Қалыңдықтың хикаясы» сериясының манга көрмесі «Кадокава» корпорациясының және Қазақстан Республикасындағы Жапон елшілігінің қолдауымен өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #тарих #Көшпенділер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);