AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қалалық кардиология орталығында науқастардың емге...

Қалалық кардиология орталығында науқастардың емге бейімділігі мәселесі талқыланды

Медицина 30.03.2026, 11:17 144
Қалалық кардиология орталығында науқастардың емге бейімділігі мәселесі талқыланды
Қалалық кардиология орталығы

Қалалық кардиология орталығында Servier компаниясымен бірлесіп, Дүниежүзілік емге бейімділік күніне орай дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға дәрігерлер, денсаулық сақтау саласының сарапшылары және медицина қауымдастығы өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі тақырыбы — қазіргі медицинаның өзекті мәселелерінің бірі, яғни науқастардың тағайындалған емге бейімділігі төмендігі болды.

Мамандардың айтуынша, созылмалы ауруға шалдыққан науқастардың шамамен жартысы дәрігердің ұсынымдарын толық сақтамайды. Бұл емнің тиімділігін төмендетіп, денсаулықтың нашарлауына, аурудың асқынуына және ауруханаға жату жағдайының көбеюіне әкеледі.

Іс-шараны медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары Аргүл Разбекова мен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Жанар Нұрбай құттықтау сөзбен ашты.

Дөңгелек үстел барысында жүрек-қантамыр ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, тиімді терапияны таңдау, артериялық гипертензиясы бар науқастарды жүргізу, сондай-ақ жекелендірілген тәсіл мен «смарт-терапияны» енгізу мәселелері талқыланды. Спикерлер қатарында Аргүл Разбекова, кардиолог дәрігер Динара Амангелдинова, Жанар Нұрбай, кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Назира Апиева және кардиолог дәрігер Гүлмира Әмренова болды.

Сарапшылар емге бейімділік тиімді терапияның негізгі шарты екенін атап өтті. Олардың пікірінше, тіпті ең заманауи емдеу әдістері мен дәрілік препараттар да дәрігер ұсынымдары сақталмаған жағдайда тиісті нәтиже бермейді.

Талқылау барысында емге бейімділіктің төмен болу себептері де қарастырылды. Олардың қатарында науқастардың ақпараттану деңгейінің жеткіліксіздігі, емдеу сызбаларының күрделілігі және дәрілерді тұрақты қабылдаудың маңызын толық түсінбеу бар. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар науқастардың денсаулығына жауапкершілігін арттыруға бағытталған бірқатар практикалық ұсыныс айтты. Атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және цифрлық құралдарды кеңінен енгізу қажеттігі қозғалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кардиология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: қаза тапқандар саны 12-ге жетті

Бүгін 12:23

Қарағанды ауруханада бала көз жұмды: министрлік мәлімдеме жасады

Бүгін 11:37

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика