AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәде...

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Алматы 04.04.2026, 16:55 309 Сұлу
Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп, оған мәдениет саласының өкілдері белсенді қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл экологиялық акция қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Сенбілікке «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры, «Алматы әуендері», Қазақ мемлекеттік циркі, сондай-ақ Алматы қаласы музейлер бірлестігінің мамандары, қалалық кітапханалар мен зообақтың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды тазалап, көркейту және көгалдандыру ісіне белсенді атсалысты.

Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен мәдени мекемелерге іргелес аумақтар тазартылып, қоқыс жиналды, жасыл желектерге күтім жасалды, сондай-ақ қаланың келбетін жақсартуға арналған жұмыстар жүргізілді. Мұндай игі істер тазалықты сақтауға ғана емес, сонымен қатар халықтың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Шығармашылық орта өкілдері сенбіліктің тазалық жұмыстарымен шектелмейтінін атап өтті. Олардың айтуынша, бұл азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық сананың айқын көрінісі.

«Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті. Осындай іс-шаралар арқылы біз қоршаған ортаға қамқорлық танытып қана қоймай, қоғамдағы мәдениет пен жауапкершілік деңгейін де арттыра түсеміз», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі Саттар Ерубай.

«Қала тазалығы – тұрғындардың бірлігі мен туған жерге деген жанашырлығының көрінісі. Біз мұндай игі бастамаларды әрдайым қолдаймыз және оған қатысуды азаматтық парызымыз деп білеміз», – деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі Бибігүл Қилымхан.

Бұл игі дәстүр алматылықтарды қоршаған ортаны аялауға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейді. Сонымен қатар, мұндай іс-шаралар қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастырып, тұрақты даму қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);