AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала оқушылары жануарлар әлемін зерттейді

Қала оқушылары жануарлар әлемін зерттейді

Әлеумет 20.08.2024, 12:22 1,857 Bakyt
Қала оқушылары жануарлар әлемін зерттейді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Пайдалы жаз: Алматы оқушылары жануарлар әлемі туралы тегін білім алады

9-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары жазғы уақытта зоологияны оқып, жануарларды тамақтандырып, қоршауын тазалады, сонымен қатар қаланың музейлеріне барды. Жас натуралистер үйірмесін Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі ұйымдастырды. Зоомектептегі сабақтың ерекшелігі жануарлар әлемін тереңірек зерттеу және ондағы аң-құстарды көзбен көріп, жақынырақ танып-білу. 

«Балалар жаз бойы сабаққа қуанып барды, бұл зоомектепке және жалпы хайуанаттар бағына деген қызығушылықтың көрсеткіші. Біз геймификация элементтерін қолданамыз, балалардың жануарларға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруға тырысамыз. Жануарлар, табиғат және қоршаған әлем туралы көбірек білгісі келетін балалар үшін әр сәрсенбі сайын қосымша таңдау пәндерін өткіземіз. Мектепке балаларды оқу жылының соңында – мамырда қабылдадық. Ал тамыз айының соңында біздің оқушылар емтихан тапсырады, бұл алған білімді бекіту және өткен материалды қорытындылау», - деді Алматы хайуанаттар бағындағы зоомектептің жетекшісі Любовь Сачкова. 

Сабақ тегін, жұмыс күндері екі тілде, екі ауысымда өткізіледі. Сондай-ақ балалар экологияны, ветеринария және зоотехника негіздерін, герпетологияны, орнитологияны және биологияның басқа да бағыттарын зерттейді. Ұйымдастырушылар бұл білім балаларға болашақ мамандығын анықтауға көмектесетініне сенімді.

 

«Курс біткен соң әрбір бала жас натуралист атанып, сертификат алады.  Қыркүйек айында Алматы хайуанаттар бағында қысқы зоомектепке қабылдау басталады. Бұл туралы ақпарат Алматы мәдениет басқармасы мен хайуанаттар бағының @almatymadeniet және @almatyzoo ресми Instagram парақшаларында жарияланады», - деп сөзін түйіндеді зоомектептегі қазақ тобының жетекшісі Жансая Ахметкәрімова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зоомектеп #оқушылар #зоология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30

Блогер Руслан Жанпейісов 4 тәулікке қамауға алынды

Бүгін 09:41

Көлсайда тұрақта тұрған автокөлік өздігінен орнынан қозғалып, еңіске сырғып кеткен

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика