AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маус...

Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты

Мәдени Алматы Бүгін 18:44 35
Қала күні қарсаңында Алматы қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын ашты
Алматы әкімдігі

Жаңа маусымның алғашқы премьерасы «Алты жасар Алпамыс» спектаклі болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласының туған күні аясында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын салнататты түрде ашты. Мерекелік кеш барысында театр ардагерлеріне, ұжым қызметкерлеріне, театр саласының белгілі тұлғаларына құрмет көрсетіліп, мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Кештің басты жаңалығы – режиссер Абдолла Қарсақбаевтың көркем фильмі негізінде сахналанған «Алты жасар Алпамыс» спектаклінің премьерасы болды.

Маусымашарға театр саласының ардагерлері, өнер қайраткерлері, театртанушылар, сыншылар және шығармашылық-техникалық ұжым мүшелері қатысты. Қуыршақ жасаушы шеберлердің, тігіншілердің, суретшілердің және техникалық қызметкерлердің еңбегі де ерекше аталып өтті.

Кеш барысында театр өнеріне үлес қосқан актерлерге, режиссерлерге, ардагерлерге, театртанушыларға және қызметкерлерге мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Марапаттау рәсіміне Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, театр директоры Алмат Амангелді және көркемдік жетекші Кубанычбек Адылов қатысты.

Жаңа маусымның алғашқы премьерасы – «Алты жасар Алпамыс» спектаклі режиссер Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі көркем фильмі негізінде қойылған. Спектакль мектепке баруды аңсаған, білімге құштар Алпамыстың оқиғасы арқылы ізденімпаздық, мақсатшылдық, мейірімділік сияқты құндылықтарды дәріптейді. Туынды ересек көрермендерді балалық шағына жетелесе, балаларға таныс кейіпкерді қуыршақ театрының заманауи тілімен ұсынады.

91-маусымның Премьералар апталығы 16 қыркүйекте қазақ халық ертегілерінің желісімен сахналанған «Жақсылық пен Жамандық» спектаклімен жалғасады. 17 қыркүйекте қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндейтін «Taza.kz», ал 18 қыркүйекте Алматының тарихы мен табиғатын арқау еткен «Алматының алмасы» спектакльдері ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:04

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге»: ұландықтар оқушыларға Ерлік сабағын өткізді

Бүгін 17:44

Абай университетінде халықаралық форум басталды

Бүгін 17:07

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бизнес-саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 17:01

Shin-Line Group пен Кореяның Foodpolis институты Қазақстанда алғашқы азық-түлік кластерін құрады

Бүгін 16:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);