AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала күні Алматының екі миллионыншы тұрғыны - көп...

Қала күні Алматының екі миллионыншы тұрғыны - көпбалалы отбасы пәтер алды

Әлеумет 19.09.2021, 04:58 1,342
Қала күні Алматының екі миллионыншы тұрғыны -  көпбалалы отбасы пәтер алды
almaty-akshamy.kz

Мегаполистің екі миллионыншы тұрғыны Аяла Жамбылдың отбасы қоныс тойын тойлайды. Қала күні оларға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа пәтердің кілтін тапсырды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Еске салсақ, Аяла Жамбыл 2021 жылы 21 маусымда дүниеге келді және Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша екі миллионыншы тұрғын болды. Мереке күні қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Аяланың ата-анасына үш бөлмелі жаңа пәтердің кілтін тапсырды. Қала әкімі балалар мен ата-аналарға зор денсаулық, отбасына бақыт пен береке тіледі.


Қала күні алты бала өсіп келе жатқан Жамбыл отбасы үшін қуанышты күнге айналды. Жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында көпбалалы отбасының жеке баспана туралы арманы орындалды. Енді олар жайлы жаңа үйде тұратын болады.


Екі миллионыншы алматылық Аяла Жамбыл полиция қызметкері Бейбіт Әбілдаев пен балабақша тәрбиешісі Әлия Жаныбекованың отбасында дүниеге келді. Ол отбасындағы алтыншы қыз. Бұған дейін көпбалалы отбасы Қарғалы шағынауданында ата-анасының үйінде тұрған.



«Ана ретінде балаларымның туған күндері ең бақытты сәт болса, ал бүгін пәтер кілтін алу ешқашан ұмытылмайтын ең бақытты күн. Біз қаладан мұндай сыйлық аламыз деп күтпеген едік», - деді Әлия Жаныбекова эмоцияларымен бөлісті.



Алматыда жыл басынан бері көмекке мұқтаж 2 340 отбасы жеңілдетілген несие аясында тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қалакүні #пәтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);