AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала арасында жүретін таксистерге талап күшеймек

Қала арасында жүретін таксистерге талап күшеймек

Әлеумет 30.07.2024, 11:35 1,054 yakiya
Қала арасында жүретін таксистерге талап күшеймек
almaty-akshamy.kz

«Қауіпті» такси жүргізушілерін анықтау қиынға соғып отыр дейді.

Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов аймақтан аймаққа демалыссыз жолаушы таситын такси жүргізушілері адам өміріне қауіп төндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сәденовтің айтуынша, жолаушыларды тасымалдау саласында қолданыстағы нормалар сақталмайды.

«Интернет-такси жүргізушілері пайда табу үшін ұйқысыз және демалыссыз көлік басқарады. Медициналық тексеруден өтпейді, көліктің техникалық жағдайы тексерілмейді. Осылайша, адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Демалыс, мереке күндері поезға билеттердің жоқтығынан такси жоғары сұранысқа ие болады. «Қауіпті» такси жүргізушілерін анықтау және жауапқа тарту қиын», - дейді ІІМ басшысы үкімет отырысында.

Интернет-агрегаторлардың рөлі тек тапсырыстарды бөлумен шектеледі. Сондықтан келесі жылдан бастап оларға тасымалдау талаптарын бақылау жүктеледі. Бұған Цифрлық даму министрлігі, Еңбек министрлігі, Көлік министрлігі және әкімдіктер қатысуы қажет.

Министрдің пікірінше, Көлік министрлігі мен әкімдіктер мына жұмыстарды ұйымдастырғаны жөн:

қалааралық жолаушылар көлігін дамыту;

демалыс, мереке күндерін ескеріп, сұранысқа ие бағыттар бойынша рейстер санын көбейту;

субсидиялау бойынша жолақыны арзандату;

еңбек және демалыс режимін бақылау құралдарын орнату.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Такси #Талап #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);