AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қала әкімдігінде заңсыз құрылыстың жолын кесу шара...

Қала әкімдігінде заңсыз құрылыстың жолын кесу шаралары туралы айтылды

Әлеумет 25.04.2024, 04:15 761
Қала әкімдігінде заңсыз құрылыстың жолын кесу шаралары туралы айтылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Мегаполисте қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша құрылысты, әсіресе таулы аймақтағы құрылысқа бақылауды күшейту жалғасуда, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы жыл басынан бері қаланың құрылыс нысандарында 377 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, заңбұзушылықтарды жоюға 211 ұйғарым берді. 2023 жылы 1074 тексеру жүргізіліп, 634 нұсқама берілді.



  • Ведомство өткен жылдың басынан бастап сотқа құрылыс нормаларын бұзғаны үшін 206 талап арыз жіберілгенін хабарлады. Оның 100-і бойынша талқылаулар бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

  • Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев таулы жерде заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған еді. Сотқа заңсыз объект бойынша 45 талап-арыз берілді. Соның 36-сы бойынша бүгінгі күнге басқарманың талап-арызы қанағаттандырылды.

  • Жалпы қала бойынша талап қою қызметінің нәтижелері бойынша өткен жылдан бастап 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, жапсарма құрылыс пен автосервистер, сондай-ақ «Мечта» мен «KHAN» сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды.


Бұдан өзге қала басшысының бастамасымен заңнамаға инспекциялау шеңберінде құрылыс жұмысын тоқтата тұру мүмкіндігімен құрылыс кезінде бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретін "жедел ден қою шарасы" жаңа бақылау тетігін енгізу бойынша түзетулер енгізіледі.


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың маусым айында қала мәслихаты әкімдіктің бастамасымен аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізді. Ол өзгеріс беткейлері 15 градустан асатын учаскелерде құрылысқа тыйым салуды көздейді.



Қабылданған өзгерістер Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларында көрініс тапты. Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша оған қала тұрғындарының, сарапшылардың  бірқатар ұсынысы енгізілді. Олардың бірі — тау бөктеріндегі 4270 гектардан астам жерді рекреациялық аймаққа ауыстыру. Сонда да бұл жерде құрылысқа тыйым салынады.



Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, тау бөктеріндегі жерде объектілерді жобалауға азаматтардың өтініші негізінде сол аймақтағы топырақтың инженерлік-геологиялық дерегі беріледі. 2022 жылы 36 нысанның құрылысына рұқсат берілмесе, өткен жылы – 89, ал биыл – 32.


Биылғы жылдың 29 наурызында өткен кеңесте қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қалалық Жоспарлау және урбанистика, сондай-ақ Қала құрылысын бақылау басқармаларының және аудан әкімдіктерінің мамандары тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс жүргізетіндерге тұрақты мониторинг жүргізуге тиісті.



Сонымен қатар, заңнаманы жетілдіру бөлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін құрылыс кодексіне қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттіктерін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізіледі. Бұл жерде жеке тұрғын үйлердің құрылысын тексеруге рұқсат беру туралы айтылып отыр. Өйткені кейбір құрылыс салушылар тау бөктерінде жеке тұрғын үй құрылысының орнына көп қабатты үй тұрғызады.



Жалпы Алматыда құрылыс саласында тәртіп орнату бойынша кешенді жұмыс жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #құрылыс #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика