AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қажылық сапарға аттанғалы отырған қазақстандықтар...

Қажылық сапарға аттанғалы отырған қазақстандықтар қапыда қалды

Заң мен тəртіп 31.01.2023, 04:21 1,149
Қажылық сапарға аттанғалы отырған қазақстандықтар қапыда қалды
Сурет: Polisia.kz

Мекке мен Медина қаласына жолдама алған 50-ге жуық азамат алаяқтарға алданып, сан соғып қалды. 


Олардың дені - Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


26 қаңтарда Еңбекші АПБ-ға алаяқтық жайты бойынша ерлі-зайыптылар арызданған. Күйеуі мен әйелі қасиетті мекен Сауд Арабиясына баруға «Каусар-травел» туристік агенттігі жолдама уәде еткенін жеткізді. Олар өз қызметін 1 млн теңгеге бағалаған. Алайда, 13 қаңтарда шетелге ұшу керек болған ерлі-зайыптылар уәде етілген әуе билеттері мен елден шығу визасын ала алмаған. Компания директоры қоңырауларға жауап бермей, жұмыс орнына іздеп барғанда, ол жерде болмай шыққан. Осындай арыздармен полицияға аталған турагенттіктің алаяқтық құрбаны болған тағы 48 адам жүгінді. 


Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады. Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәртіп сақшылары белгісіз бағытта жасырынған компания директорын іздестіруге кірісті. Оны іздеуге бес күн қажет болды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның Алматыда жасырынып жүргенін анықтады. Ол Медеу АПБ-ның әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқ #қажылық сапары #Жолдама #алданғандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика