AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Қайратқа" торт жасаған кондитерге ақтөбелік футб...

"Қайратқа" торт жасаған кондитерге ақтөбелік футбол жанкүйерлері шүйлікті

Әлеумет 11.09.2025, 16:54 1,106
 "Қайратқа" торт жасаған кондитерге ақтөбелік футбол жанкүйерлері шүйлікті
instagram.com/aktobe_otbasy

Желіде тағы бір торт дауы пайда болды. Ақтөбелік кондитер "Қайратқа" футбол клубына арнап торт жасады. Ақтөбелік футбол жанкүйерлері бұған наразылығын танытты, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Ақтөбелік кондитер Самал Асанова алматылық команданың Чемпиондар лигасына шығуына орай торт пісіріп, әлеуметтік желіде сынға ұшырады.

Ол торт әзірлеу барысын видеоға түсіріп жариялаған. Кейін ақтөбелік жанкүйерлер оған бойкот жариялады. 

"Ақтөбеде футбол бұл жай ғана ойын емес, ол - ақтөбеліктің ажырамас бөлігі. Ақтөбеден шыққан кәсіпкердің мұндай әрекеті орынсыз әрі лайықсыз деп санаймыз. Біз өз ұстанымымызды өткінші хайпқа айырбастамаймыз!" - деп жазған футбол жанкүйерлері. 
Кондитер футболдан хабары жоғын, бар болғаны қазақстандық спортшыларды қолдағанын айтты. 
"Жігіттер видеоны өшірдім. Сіздерге футболдан хабарым жоғын, тек елімізден шыққанға қолдау ретінде жасағанымды мың рет айттым. Менде әр түрлі тақырыпта контенттер түсіріледі. Ертең "Ақтөбеге" арнап күшті торт жасаймын. Бір болмайтын дүниеден өз қаламыздың масқарасын шығармайықшы және мені балағаттаудың қажеті жоқ. Ана, әпке, қарындастарыңыз бар шығар. Мен - жалғызбасты анамын, осы үлкен кәсіпті нөлден бастап көтеріп, еңбек етіп келемін. Қаншама ұйқысыз түндер өтті?! Тек Ақтөбенің өзінде 550 адам жұмыс жасайды, басқа қалаларды қоспағанда. Қаншама жастарды қолдаған проекттерім бар. Менің бір әке, көкем жоқ. Таза еңбек! Бар болса ешқашан аяған емеспін. Админ осында ушықтырмай, неге жекеме жазбадыңыз, түсіндіріп. Кішкене шалыс бассаң, әрі қарай шалдырудың қажеті жоқ. Жекеге де енді ғана жазып жатыр, барымша түсіндіргендей болдым. Бәріңізге сәттілік", -деді кондитер. 
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде кондитер мен блогердің дауы қызды. Блогер туған күніне тапсырыс берген тортты кондитер 600 мың теңгеге бағалаған. Заңгердің айтуынша, баға мереке күні ғана айтылған. Алайда торт құны әлі төленбеген. Кондитер Нұршат Ақбергенова блогерді сотқа беретінін айтты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #футбол #Қайрат #Кондитер #торт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);