AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / “Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Спорт 29.03.2026, 10:41 212 Дина
“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді
“Қайрат” ФК

Алматының «Қайрат» клубы Санкт-Петербургте өткен жолдастық кездесуде ресейлік «Зенитке» 0:2 есебімен жол берді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Матч барысында алаң иелері ойын тізгінін ерте қолға алды. Алдымен Нино стандартты жағдайдан кейін есеп ашса, артынша Александр Соболев әдемі комбинацияны голмен түйіндеді. Осылайша, «Зенит» өз алаңында сенімді жеңіске жетті.

«Қайрат» ойынды Буч, Кургин, Африка, Мартынович, Қасаболат, Нұрғалиев, Садыбеков, Глазер, Луиш Мата, Себальос және Эдмилсонмен бастады. Бірінші таймда ресейлік клуб бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, есепті ұлғайтуға да жақын болды. Бірнеше сәтте алматылықтарды қақпа бағаны мен қақпа жақтауы құтқарып қалды.

Екінші таймда ойын қарқыны сәл бәсеңдегенімен, «Зенит» допқа иелік етудегі басымдығын сақтап, матчты толық бақылауда ұстады. Ал «Қайрат» шабуылда айтарлықтай өткірлік таныта алмады.

Айта кетейік, соңғы сегіз жылда бұл екі команда бес рет жолдастық матч өткізген. Соның төртеуінде «Зенит» жеңіске жетсе, бір кездесу тең аяқталған. Алматылық клуб бұл қарсыласын әзірге ұта алған жоқ.

Енді Қазақстан Премьер-лигасының келесі турында «Қайрат» 5 сәуір күні өз алаңында «Астананы» қабылдайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17

Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығулары басталды

Бүгін 18:15

Алматыда «Жастар ысырапшылдыққа қарсы» челленджі басталды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);