AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматының дамуына үлес қосамын!

Алматының дамуына үлес қосамын!

Сайлау 2026 Бүгін 13:24 30
Алматының дамуына үлес қосамын!

Кандидат ретінде сайлаушыларға өз бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алатау ауданы бойынша №3 бірмандаттық сайлау округінен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат, «Ақжол» Демократиялық партиясы мүшесі Марат Досанбетұлы Баймұсаевтың 

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

 Мен Марат Досанбетұлы 1976 жылы 24 қазанда дүниеге келгем. 1996 жылы Шымкент экономика және заң колледжін, 2002 жылы Қарағанды экономика университетін тәмамдадым. Еңбек жолымды 2001 жылы «ТАЛАП» ЖШС-де бастадым. Негізгі кәсіби бағытым – логистика және экономика. Осы салалардағы бірқатар серіктестіктерге басшылық еттім. «ЭКСПО Строй», «АТАДАН», «Бизнес Центр Азия», «Евролюкс», «Экспо Дизайн» ЖШС-терін басқардым. Аталған еңбек жолымда еліміздің логистика саласына бір кісілік үлесімді қосып келдім. Қазір «МКА Евразия» ЖШС Бас директоры болып қызмет етемін.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде сайлаушыларға өз бағдарламамды ұсынғым келеді.

Алматы – еліміздің оңтүстік астанасы әрі ең ірі мегаполисі. Қалада екі миллионнан астам халық тұрады. Бюджеті кейбір шағын мемлекеттердің бюджетіне пара-пар мегаполистегі басты табыс шағын және орта бизнес пен экологиялық туризмге тиесілі. Бұл үшін Алматыда керемет табиғи жағдай да қалыптасқан. Жалпы, Алматы мемлекет бюджетіне мол салым қосып отырған мегаполис.

Қаламызда жоғары оқу орындары да көптеп шоғырланған. Тиісінше ел жастарының 25–30% да Алматыға топтасады. Осыған орай мегаполисті елдің ғылым-білім, мәдени, спорт, туризм астанасы деп те атайды. Алматы қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат болып тіркелудегі басты мақсатым – осындай ірі шаһардың дамуына үлес қосу.

Егер мәслихат депутаты болып сайлансам, қаламыздағы әр саланың алға ілгерлеуіне қолдаушы болып, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына ықпал ету менің депутаттық міндетімнің басты бағытына айналады.

Мегаполистің күретамыры саналатын коммуналдық инфрақұрылым, қала жолдары мен қоғамдық көліктің дамуы да депутаттық қызметімнің негізгі бағытынің бірі болады. Сондай-ақ, оңтүстік астанамызда мәдениет ошақтары мен демалыс аймақтары қарапайым қала тұрғындары үшін қолжетімді болуы тиіс. Әрі медициналық көмек пен орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету де аса маңызды. Бұл мәселелер де депутат ретінде менің назарымнан тыс қалмайды.

Алматы Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан заманауи логистикалық орталық. Қуатты экономикаға ие Қытаймен шекараға жақын, әрі оның Батыс әлемімен жалғасатын экономикалық дәлізінде орналасқан. Сондықтан да Қытайдан шығатын мол тауар айналымының маңызды бекеті. Алматының темір жолы да автомагистралы да осы әлемдік тізбектің кем болса болмайтын бөлігі саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда көрші елмен логистика, тауар тасымалы, кедендік қызмет жөнді жолға қойылса, мегаполисте тіпті де мол табыс алып келері даусыз.

Сонымен қатар, Алматы Индустриалды аймағының да әлеуеті зор. Онда зауыт-фабрикалар, өндіріс орындарын ашуға да мүмкіндік мол. Болашақта қаламыз елдің мәдениет, білім, туризм ғана емес, өндіріс-кәсіпкерлік орталығы болуы тиіс. Мен өз білімім мен тәжірибемді пайдалана отырып, қаламыздың осы бағыттағы дамуына да аянбай еңбек еткім келеді.

Қорыта айтқанда, мен Марат Баймұсаев елдің ең үлкен шаһары Алматының дамуына өзімнің азаматтық үлесімді қоссам деймін.

Алматы Азияның айтулы қаласы болуға лайық, ал алматылықтар соған сай жоғары өмір сүру сапасына лайық.

(Алматы қалалық мәслихатына кандидат М.Д.Баймұсаевтың сайлау қоры қаражатынан төленді).

Тапсырыс беруші: Марат Баймұсаев

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру: Олжас Бектенов цифрлық экономика үшін инфрақұрылымдардың озық қарқынмен дамуы маңызды екенін атап өтті

Бүгін 13:30

Алматыда жаңбыр жауады: тұрғындарға сақтық шараларын сақтау ескертілді

Бүгін 13:28

Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына басқарманың жаңа төрағасын таныстырды

Бүгін 13:15

Жыл басынан су нысандары аумағындағы 18 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 13:05

Алматы балабақшасында «Сиқырлы ғажайыптар шеберханасы» жобасы таныстырылды

Бүгін 13:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);