Қазақстандықтар қарбыз, мандарин, апельсин, өрік, шабдалы, шиені жиі тұтынады.
Қазақстандықтар жеміс сатып алуға шамамен 40 мың теңге жұмсайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл екінші тоқсанда Қазақстанда жан басына шаққанда орташа есеппен жемісті тұтыну көрсеткіші 16,5 келі болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық.
Жемісті ең көп тұтынатын өңірлердің көшбасында Алматы қаласы тұр: жан басына шаққанда 20,5 келі, жылдық өсім — 13,9%. Үздік үштікке Маңғыстау облысы (20,3 келі, минус 5,2%) және Астана (20,2 келі, плюс 7,4%) кірді.
Абай және Атырау облыстарының және Шымкент қаласының тұрғындары жемісті аз тұтынады.
Еліміздегі ең танымал жеміс – алма. 2024 жылдың екінші тоқсанында жан басына шаққанда орта есеппен 4,2 келі. Екінші және үшінші орындарда банан мен құлпынай тұр: жан басына шаққанда 1,7 келі және 832 г.
Сондай-ақ қазақстандықтар қарбыз, мандарин, апельсин, өрік, шабдалы, шиені жиі тұтынады.
Биыл екінші тоқсанда еліміздегі әрбір үй шаруашылығы жеміс сатып алуға орташа есепен 39,7 мың теңге жұмсаған. Өткен жылғы көрсеткіш – 39,7 мың теңге, шығынның жылдық өсімі – 13,1%.
Жемістерді тұтыну бойынша Алматы, Маңғыстау облысы және Астана көшбасшы болғанына қарамастан, шығын көрсеткіші өзгеше.
Маңғыстау облысының тұрғындары жеміс сатып алуға көп ақша жұмсаған – 61,6 мың теңге. Бұл өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 5,7%-ға көп;
Тұтыну бойынша көшбасшылар қатарына кірмейтін Ұлытау облысы – 50 мың теңге, плюс 6,9%;
Алматыда – 47,1 мың теңге, плюс 30,3%;
Жеміс сатып алуға аз ақша жұмсаған өңірлер төмендегідей:
Қостанай облысы – 26,9 мың теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – 29,3 мың теңге;
Абай облысы – 31,6 мың теңге.