AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Бүгін - даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған...

Бүгін - даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күні

Мұны білген жөн 24.12.2025, 11:10 605 Сұлу
Бүгін - даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күні
Ашық дереккөз

Бүгін - даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған күні, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жыл бойы Қарулы күштерде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған іс-шаралар өткізілді. 

Ол 1910 жылғы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында дүниеге келген. 1932 жылы әскерге шақырылды. Орта Азия әскери округі 3-ші Түркістан атқыштар дивизиясының 14-ші таулы атқыштар полкінде бір жылдық курсты тәмамдағаннан кейін взвод командирі қызметін атқарды.

1936 жылы Қиыр Шығыста 105-ші атқыштар дивизиясының 315-ші атқыштар полкінде артиллериялық дивизион командирі болып қызмет етті. 1938 жылы Хасан көлі маңында жапондықтармен болған шайқастарға қатысты. 1940 жылғы ақпанда Киев айрықша әскери округіне ауыстырылып, 24-ші атқыштар дивизиясының 406-шы атқыштар полкінде штаб бастығының көмекшісі қызметін атқарды. 1941 жылғы қаңтарда Орта Азия әскери округіне жіберіліп, Қазақ КСР әскери комиссариатының әскерден тыс даярлау бөліміне аға нұсқаушы болып тағайындалды.

1941 жылы қазақтың 316-шы дивизиясы генерал Панфиловтың қолбасшылығымен Волоколамск бағытында Мәскеуді қорғады. 1941 жылғы 16-18 қарашада аға лейтенант Бауыржан Момышұлының батальоны Матренино ауылында дивизиядан бөлініп қорғаныс жасады. Комбат шебер басшылығының арқасында жауды осы шепте үш күнге тежеп, төртінші күні батальонды қоршаудан аман алып шықты.

Қараша айының соңында полк командирі болып тағайындалды. Капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да, бұл атақ оған тек дүниеден өткеннен кейін ғана берілді. 1945 жылғы қаңтарда К. Е. Ворошилов атындағы жоғары әскери академия жанындағы офицерлер құрамын жетілдіру курстарын аяқтаған соң, 2-ші Балтық майданы, 6-шы гвардиялық армия, 2-ші гвардиялық атқыштар корпусы, 9-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Алайда 1945 жылғы 28 қаңтардан соғыстың соңына дейін дивизия командирінің міндетін атқарды.

1946 жылғы қаңтарда К. Е. Ворошилов атындағы Жоғары әскери академияға жіберілді. 1950 жылғы қарашадан бастап В. М. Молотов атындағы Кеңес армиясының тыл және жабдықтау әскери академиясында жалпы тактика және операциялық өнер кафедрасының аға оқытушысы болды.

1955 жылғы желтоқсанда запасқа шығарылды. Алматыға оралған соң өмірін толықтай әдеби шығармашылыққа арнады. 1982 жылғы 10 маусымда Алматыда қайтыс болды. Кенсай зиратына жерленді. Кеңес Одағының Батыры атағы 1990 жылғы 11 желтоқсанда берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бауыржан Момышұлы #туған күн
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);