Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Қабынған шемен» диагнозы қойылған пациентке күрде...

«Қабынған шемен» диагнозы қойылған пациентке күрделі ота жасалды

Медицина 09.01.2024, 11:25 1,344
«Қабынған шемен» диагнозы қойылған пациентке күрделі ота жасалды
Сурет: №7 қалалық клиникалық аурухана

№7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының 64 жастағы пациенті кейінгі бірнеше жылда эпигастрия, тамақты сіңіру процесінің бұзылуы, жиі жүрек айну, құсу, іш қату, салмақ жоғалту ауруларынан зардап шеккен.


Науқастың жағдайы  «қабынған шемен» – кіндігі сыртқа шығып тұрған үлкен көлемді іш. Ер адамға тіпті жату қиын болған. Себебі, жатқан кезде жүрек-өкпе жетіспеушілігі үдей түседі. 
Оған №7 қалалық аурухана мамандары «ұйқы безінің жалған жылауығы» диагнозын қойды. Сөйтіп МӘМС шеңберінде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы бойынша жоспарлы операциялық емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Ұйқы безінің жалған жылауығы – бұл сұйықтықтың шектеулі жиналуы, онда панкреатикалық ферменттердің, қанның едәуір көп мөлшері бар, сондай-ақ некроздық (өлген) тіндер болуы мүмкін. Ұйқы безінің  жалған жылауығының  пайда болу себебі – өткерілген панкреатит немесе панкреонекроз, ол өт-тас ауруы, асқазан-ішек жолдарының ойық жара ауруы, алкогольді қабылдау, дұрыс тамақтанбау, іш жарақаты аясында дамиды. Ұйқы безінің жалған жылауығының белгілері оның көлемі ұлғайған кезде асқынады. 
Пациентке ота жасаған көп жылдық тәжірибесі бар хирург Манас Рамазанов 
бұндай науқастарға отаға тыңғылықты дайындықты қажет ететінін атап өтті. Өйткені олар тамақтанудың бұзылуына және тағамның қорытылуына байланысты ақуыздық энергия жетіспеушілігін дамытады.



«Алдын ала дайындықтан кейін пациент отаға алынды. Күрделі 4 сағаттық операция жасалды. Біз жылауық қуысын асқазанға жалғадық. Ұйқы безінің  жалған жылауығының  кезінде жылауықты дәстүрлі алып тастаумен жоюға болмайды, өйткені жылауық ұйқы безімен қосылған және үнемі ферменттер бөледі. Бұл жағдайда біз жылауықты асқазанның артқы қабырғасымен байланыстырдық, осылайша жылауықта сұйықтық жиналмай асқазан-ішек жолына түсуіне мүмкіндік бердік. Сонымен қатар, ұйқы безінің жалған жылауығына байланысты науқаста операция кезінде қосымша қиындықтар тудыратын қабынған шемен бар. Барлық техникалық қиындықтарға және өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ота жоспар бойынша тиісті деңгейде орындалды», – дейді профессор Рамазанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қабынған шемен #Диагноз #пациент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика