AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Псевдодіни тұлғалар елді ірітіп жатыр: Ермұрат Бап...

Псевдодіни тұлғалар елді ірітіп жатыр: Ермұрат Бапи қатаң жаза енгізуді ұсынды

Әлеумет 01.04.2026, 11:48 202 Сұлу
Псевдодіни тұлғалар елді ірітіп жатыр: Ермұрат Бапи қатаң жаза енгізуді ұсынды
Видео кадры

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, әлеуметтік желілерде белсенді псевдодіни тұлғалардың қоғамға төндіріп отырған қаупін көтерді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, интернет кеңістігінде өзін діни авторитет ретінде көрсететін, алайда ресми діни құрылымдарға қатысы жоқ адамдар халық санасына ықпал етіп, ұлттық құндылықтарға сызат түсіріп жатыр.

"Дүмше догманы тықпалаған бұл қарабайыр діндарлар ұлттық ұстанымды ірітіп, мемлекетіміз бен қоғамның тағанын теңселтуде. Заңды белшесінен басып, ойына келген шариғатын шатып отыратын мұндайларға тосқауыл қойылуы керек", – деді Ермұрат Бапи.

Ол жуырда қоғамда резонанс тудырған бірнеше оқиғаны мысалға келтірді. Соның бірі – подкасттардың бірінде өзін имам ретінде таныстырған азаматтың үш әйелі барын айтып, соңғы әйелін шәкіртіне «сыйға тартқанын» ашық мәлімдеуі.

Депутат мұндай мәлімдеме тек моральға жат әрекет емес, сонымен қатар азаматтық неке жөніндегі заңнаманы аяққа таптау, дәстүрлі дін құндылықтарын мансұқ ету екенін айтты.

"Адамды сыйға тарту – бұл адам саудасы санатындағы қылмыс саналуы тиіс. Адам түгілі, хайуанға жанашырлық танытуды дәріптейтін дін өкілі өз әйелін хайуаннан бетер етіп, ашық сыйға беруі – қоғамдық жазғыруға пара-пар қылмыс", – деді Ермұрат Бапи.

Сондай-ақ, депутат Наурыз мейрамын исламға жат мереке ретінде сипаттаған бейнероликтерге де тоқталды. Оның сөзінше, мұндай мәлімдемелер халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріне, ұлттық мәдениеті мен бірегейлігіне күмән келтіруге бағытталған.

"Бұл – табиғатпен бірге түлейтін мерекені жоққа шығару ғана емес, ұлттық тамырымызға күмән келтіру. Мұндай теріс насихат қоғамды іштен ірітіп барады", – деді депутат.

Мәжіліс депутаты әкімшілік жаза мұндай жағдайлардың алдын алуға жеткіліксіз екенін айтып, діни араздықты қоздыруға және әлеуметтік желілер арқылы теріс діни насихат таратуға қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

"Елдегі діни негіздегі қоғамдық жарқышақ асқынып кетпесін десек, әкімшілік жаза аздық етеді. Әлеуметтік ресурстар арқылы теріс діни насихат пен діни араздықты қоздырушы тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін заң нормаларын қарастыру қажет", – деді Ермұрат Бапи.

Оның пікірінше, ең үлкен қауіп – мұндай уағыздардың жастар санасына әсер етуі. Депутат сырттан сіңген теріс діни түсініктер жас буынды ұлттық салт-дәстүрден ажыратып, елдік мүддеден алшақтатуы мүмкін екенін айтты.

"Бұл уағызшы-сымақ тобыр біздің жас өскін ұрпақты, елдің болашағын улауда. Буыны бекімеген жастардың санасына желімдей жабысқан мұндай уағыздар оларды ұлттық құндылықтардан айырып, жоғалған ұрпаққа айналдыруы мүмкін", – деді Ермұрат Бапи.

Сондай-ақ, ол бүгінде жастардың діни танымы көбіне мешітте емес, әлеуметтік желілерде қалыптасып жатқанын айтты. Сондықтан ресми діни институттар цифрлық кеңістікте белсендірек болуы керек деп есептейді.

"Егер бұл ресурстарда ресми институттардың жүйелі, беделді және заманауи ұстанымы тапшы болса, бос қалған кеңістікті қарабайыр әрі қауіпті пропаганда толтырады", – деді Ермұрат Бапи.

Депутат сөз соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына да назар аударды. Оның айтуынша, ресми діни құрылымдар ел ішіндегі және онлайн ортадағы мұндай діни кикілжіңдерге дер кезінде үн қатып, қоғамды теріс уағыздардың ықпалында қалдырмауы тиіс.

"ҚМДБ цифрлық кеңістікке шығып, ел іші мен онлайн ортадағы діни кикілжіңге дер кезінде реакция жасауы керек. Қоғам зұлым уағыздардың қоршауында қалмауға тиіс", – деді Ермұрат Бапи.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #депутат #діни ағым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04

Алматыда колледждерге мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары бекітілді

Бүгін 12:16

Отбасы – бақыт мекені: Алматыда «Толағай жолы: Әке мен бала» эстафетасы өтті

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);