конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / “Продюсермен жұмысты тоқтаттым”: әнші Баянсұлу кли...

“Продюсермен жұмысты тоқтаттым”: әнші Баянсұлу клиптерінің неге жоғалғанын түсіндірді

Мәдениет 06.03.2026, 10:32 940 Дина
“Продюсермен жұмысты тоқтаттым”: әнші Баянсұлу клиптерінің неге жоғалғанын түсіндірді
әншінің желідегі парақшасынан

Әнші Баянсұлу әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, продюсерімен жұмысын тоқтатқанын және YouTube-тағы әндерінің қайта жүктеліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Әнші Баянсұлу Instagram парақшасында кейінгі уақытта жиі қойылып жүрген сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, тыңдармандары “неге жоқ болып кеттің?”, “продюсермен жұмысты тоқтаттың ба?” және “YouTube-тағы әндер неге жоғалып кетті?” деген сұрақтарды көп жолдаған.

Өнер иесі расында продюсерімен жұмысын тоқтатқанын растады. Айтуынша, мұндай шешім қабылдау оңай болмаған.

«Иә, расында да мен продюсермен жұмысты тоқтаттым. Бұл оңай шешім болған жоқ. Бірақ өмір болған соң, жұмыс барысында қиындықтар туындайды. Мен бәрін Алла өзі реттейді деп сенемін», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар ол тыңдармандарына жақсы жаңалық та жеткізді. Баянсұлудың айтуынша, бұған дейін YouTube платформасынан алынып тасталған әндері біртіндеп қайта жүктеліп жатыр.

Әнші жанкүйерлерінен көптеген жылы пікір алып жатқанын айтып, кей ата-аналардың балалары оның әндерін сұрап тыңдайтынын жеткізген.

Сөз соңында өнер иесі шығармашылықтан кетпейтінін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта жаңа әндер мен бейнебаяндар жарық көреді.

«Ең бастысы – мен тоқтамаймын. Алда жоспарлар өте көп: жаңа әндер, жаңа клиптер. Уақыты келгенде бәрін сіздермен бөлісемін», – деді Баянсұлу.

Айта кетейік, әншінің «Ауа райы» әні халық арасында кеңінен танымал. Әнге байланысты түрлі видеолар әлеуметтік желілерде тарап, тіпті италиялық Inter Milan футбол клубы мен Никол Пашинян де осы әнмен видео жариялап, көпшіліктің талқысына түскен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);